қазақша · русский · english
   
  Main  News
23.05.2014

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Аккредитациядан табысты өтті

 

Тәуелсіз аккредиттеу және рейтингтік агенттігі (ТАРА) Аккредитациялық Кеңесінің 2014 жылғы 22 мамырда өткен кеңесінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне институционалды аккредитациядан өткендігін айғақтайтын сертификат беру туралы шешім қабылданды. Сертификаттың жарамдылық мерзімі - 5 жыл, 2019 жылғы 22 мамырға дейін.

Білім беру ұйымын аккредиттеу - аккредитация органының оқу орнының білім беру қызметін көрсетуді аккредитациялау стандартына (регламентіне) сәйкестігі туралы объективті ақпарат беретін және білім сапасы, оны онан әрі көтерудің тиімді механизмдерін айғақтайтын (Білім туралы заңға сәйкес) процедура.

Аккредитация білім беру және маман даярлау сапасын жақсартуға ықпал ету; білім беру бағдарламасы мен маман даярлау сапасы бойынша тәуелсіз баға алу; білім беру бағдарламасын онан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар алу; білім беру қызметі бойынша Қазақстан нарығында бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру және халықаралық нарықта оқу орнының білім беру қызметіне сұранысты арттыру, оқу орнын бітірушілерді еңбекпен қамтуды жақсарту мақсаттарын көздейді.

Тәуелсіз аккредиттеу және рейтингтік агенттігінің Аккредитациялық кеңесінің (ТАРА) сыртқы сараптамалық комиссиясы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 17-20 мамыр аралығында жұмыс істеді. Сарапшылар оқу үдерісінің сапасын, кадр құрамын, оқу орнының материалдық-техникалық жағдайын, инновацияларды, заманауи технологияларды қолдану тәжірибесі мен оқыту әдістерін, бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін бағалады. Сондай-ақ олар оқу орнының басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамымен, бөлім қызметкерлерімен, студенттермен, магистранттармен және докторанттармен, сондай-ақ жұмыс берушілермен кездесті.

Тәуелсіз аккредиттеу және рейтингтік агенттігі Аккредитациялық кеңесі мен сыртқы сараптамалық комиссия мүшелері Абай атындағы ҚазҰПУ жұмысын лайықты бағалады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Баспасөз орталығы