қазақша · русский · english
   
  Main  News
20.09.2018

Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

 

2018 жылдың 19 қыркүйегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық туралы меморандумға университет тарапынан универсиет ректоры, профессор Такир Балықбаев екінші тараптан Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Ысқақ Бинали қол қойды.


Меморандумның негізгі мақсаты университет пен Еңбекшіқазақ ауданының білім беру мекемелері арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты орнату, оқу үдерісін жетілдіру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және аймақтан келетін үміткерлердің санын арттыру. Сондай-ақ, Меморандумға сәйкес Еңбекшіқазақ ауданындағы мектептерде студенттердің педагогикалық практикасын өткізуге және оларды кейіннен жұмысқа орналастыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіледі.


Қос тарап алдағы уақытта өзара ынтымақтастық негізінде барлық бағыт бойынша тиімді серіктестік қарым-қатынас орнатуға дайын екендіктерін айтты.