Main /
Announcements
10.10.2022 Құрметті Абай университетінің қызметкерлері!
«БанкЦентрКредит» АҚ топ-менеджерлерімен 6 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары үшін қаржылық сауаттылық сабақтарын тұрақты түрде өткізілетінін хабарлаймыз. Сабақтар 3 тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде және тегін негізде өткізіледі.
Мәселен, «БанкЦентрКредит» АҚ шақыруы бойынша қаржылық сабақтар сериясы келесі тақырыптардан тұрады*: 1) банктердің тарихы, мәдениеттің рөлі, лайфхактар; 2) ҚР банкингі, миллионерлер тарихы, қадамдық нұсқаулар; 3) кибералаяқтықтан қорғау, фактілерді үйрету; 4) карталық мәліметтер; 5) мобильді банкинг және қызмет түрлері; 6) халықаралық төлем жүйелері және тиімді аударымдар; 7) несие беру,пайыздық көрсеткіштерді өзіңіз есептеуді үйрену; 8) депозиттер және сатып алу қаншалықты тиімді; 9) сейф жәшіктері, металл купюралар және алтын; 10) ақшаның қазіргі тарихы; 11) салымдар мен инвестициялар. Қалай миллионер болуға болады? 12) электрондық ақша және олардың болашағы.
Егер Сіз балаңыздың жоғарыда аталған қаржы сабақтарының бірін тегін негізде меңгеруіне мүдделі болсаңыз, 2022 жылдың 21 қазанына дейін (қоса алғанда) төмендегі кестені толтырып, электрондық поштаға жолдауды сұраймыз: zh.tutkabayeva@abaiuniversity.edu.kz (8-771-492-09-02 Тұтқабаева Жұлдыз):
Қосымша: Junior Bank материалдары қоса беріледі.
|