Main /
Announcements
12.10.2022 Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының кеңейтілген талқылауы өтеді
2022 жылдың 21 қазан айында сағат 10:00-де «6D011800-Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Курманбаева Толғанай Сағыновнаның диссертациялық жұмысы «Электр энергетика салалық тілінің терминологиялық жүйесі: қалыптануы (кодификациясы) және оқулық мәтіндердегі қызметі» тақырыбында «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқылаудан өтеді.
Кеңейтілген отырыс офлайн және онлайн режимінде өтеді.
Диссертация Абай атындағы ҚазҰПУ-да орындалды. Талқылау тілі - орысша.
Ғылыми кеңесшілер: Шайбакова Дамина Дисингалеевна - филология ғылымдарының докторы, профессор (Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан); Вежбински Ярослав - филология ғылымдарының докторы, профессор (Лодзь университеті, Лодзь, Польша).
Ресми рецензенттер: Мусатаева Манат Шаяхметовна - филол. ғ. д., профессор (Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан); Жумагулова Бакиткуль Сакеновна - филол. ғ. д., профессор (Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан); Байшукурова Гульнур Жолаушибаевна - филол. ғ.к., қауымдастырылған профессор (Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан); Иргебаева Акерке Баяновна - филол. ғ.к., аға оқытушы (Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан).
ZOOM: https://zoom.us/j/7928136773?pwd=dGU5QlZCTE9lUFRpekFGNk1ZM2s3UT09
ID: 792 813 6773
Code: 12345
Мекен-жайы: 050010, Алматы қ., көш. Достық, 13, 314 кабинет
|