қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
08.11.2022

Ғылыми семинар өткізіледі

 

2022 жылдың қараша айының 10-ы күні Педагогика және психология институтының ұйымдастыруымен докторанттарға арналған ғылыми семинар өткізіледі. Ғылыми семинардың басты мақсаты - ғылыми салада пікір алмасу, докторанттардың ғылыми-зерттеу дағдыларын жетілдіру, ғылымда өзін-өзі көрсетуге және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылдыру, инновацияларды сынақтан өткізу.

Ғылыми семинардың модераторы PhD доктор, қауымдастырылған профессор Г.Т. Абитова.

 

Семинардың спикерлері:

1. Ахметов А.А., 8D01103-Білім берудегі менеджмент мамандығының 2-курс докторанты. Баяндама тақырыбы «Консорциум моделі бойынша студенттердің білімін басқарудың ғылыми-практикалық негіздері».

 

2. Жолдасбекова Д., 8D01901-Дефектология:Арнайы педагогика мамандарын даярлау мамандығының 3-курс докторанты. Баяндама тақырыбы «Түзету педагогикалық қызметке болашақ мұғалімдерді даярлаудың қазіргі кездегі өзекті мәселелері».

 

3. Турсынбек Ғ.П., 8D01301-Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау мамандығының 2-курс докторанты. Баяндама тақырыбы ««Педагогикалық имидж» ұғымының мәні, құрылымы және қызметі».

 

4. Ашимханова Г.С., 8D01901-Дефектология:Арнайы педагогика мамандарын даярлау мамандығының 3-курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Заманауи білім беру жүйесінде «құзыреттілік және «құзырет» ұғымдары».

 

5. Ауезова А.А., 8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2-курс докторанты. Баяндама тақырыбы «Мектепке дейінгі ересек жас балаларының конструктивті ойындар арқылы танымдық қызығушылығын дамытудың қазіргі жағдайы».