қазақша · русский · english
   
  Main  News
01.11.2018

«Тұрақты даму мүддесінде жоғары білім» халықаралық практикалық семинары


2018 жылдың 31 қазаны күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Тұрақты даму мүддесінде жоғары білім» тақырыбында халықаралық практикалық семинар өтті.


Семинарға БҰҰ өкілі Мухидов Абдурахим, ҚР ҰҒА академигі, профессор Әлия Бейсенова, Нархоз Университетінің «Қаржы және технологиялар» мектебінің э.ғ.к. Тұрсынгүл Гумарова, Мемлекеттік саясат және құқық мектебінің PhD профессоры Альберто Фриджерио, ЮНЕСКО-ның халықаралық білім беру маманы Бенете Лине, Нархоз Университеттің сапаны қамтамасыз ету және стратегиялық даму бөлімінің бастығы, ректор кеңесшісі Марина Скиба, БҰҰ өкілі Самек Властимил және т.б. Алматы қаласының жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері мен оқытушылары қатысты.


Семинарды университетіміздің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов ашып, іс-шара барысында Қазақстанның жоғары оқу орындарында тұрақты даму мақсаттары бойынша білім беру мәселелері талқыланатынын атап айтты.


Семинар барысында жасыл экономиканы енгізудегі жастардың рухани сана-сезімін дамыту, жасыл экономиканы дамытудағы жоғары оқу орындарының рөлі, жастардың экологиялық ойлануын жаңғырту үшін инновациялық білім беру технологияларын анықтау мәселелері талқыланды. Бұл семинар ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті, Жаратылыстану және география институты, География,экология және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департаменті