қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
26.01.2023

Бос лауазымдарға конкурс жарияланды


«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметі басшысының және қызметкерінің бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

 

Кандидаттардың құжаттарын қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қызмет басшысының жоғары кәсіби (қаржы-экономикалық) білімі, аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігінің және/немесе CIA ішкі аудитор сертификатының және/немесе ACCA және/немесе CPA алқаби бухгалтерінің сертификатының және/немесе DIPiFR дипломының міндетті түрде болуы қажет. Қазақ және ағылшын тілдерін білгені қажет.

Қызмет жұмыскерлерінің экономика және қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе ақпараттық технологиялар салаларында және/немесе заң саласында және/немесе техникалық салада жоғары кәсіптік білімі, сондай-ақ осы салаларда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. CIA халықаралық ішкі аудитор сертификатының немесе ACCA және/немесе CPA алқаби бухгалтерінің сертификатының және/немесе DipIFR дипломының болуы, қазақ және ағылшын тілдерін білуі қажет.

 

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:

өтініш;
- конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- резюме;
- білімі туралы құжаттар мен қосымшалардың көшірмелері;
- жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- Біліктілік талаптарына сәйкес сертификаттар;
- қызметтің әрі қарайғы қызметі бойынша өз көзқарасының презентациясымен таныстыру.

 

Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Корпоративтік хатшыға келесі мекенжай бойынша тапсыру қажет: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, каб. 304, телефон: 8-747-988-0925; email: a.zhumadilov@abaiuniversity.edu.kz