қазақша · русский · english
   
  Main  News
02.11.2018

«Орталық Азия елдеріндегі 1937-1938 жылдардағы саяси репрессиялар: ерекшеліктері және салдары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция


2018 жылдың 31 қазан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Орталық Азия елдерінде 1937-1938 ж.ж. саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Қырғызстанның, Ресей Федерациясының және Қазақстанның ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.


Конференция жұмысында «Сталиннің» уақыты халық жадында; Жаппай саяси қуғын-сүргіннің заманауи ресурстары мен зерттеу бағыттары; Тоталитарлық режим тұсындағы адам тағдыры; Сталиндік репрессия кезеңдерін оқу: әдіснама және зерттелу деректері; Саяси репрессияның механизмдері мен органдары: аймақтық аспект; Қысымға ұшыраған және қалпына келтірілген мәдениет; Саяси қуғын-сүргін тарихының жаңа деректерін анықтау және т.б. зерттеу мәселелері талқыланды.

 

Конференция қатысушыларының ғылыми баяндамаларында саяси қуғын-сүргін және Кеңес республикаларында тоталитарлық режимнің тарихын талқылаудың өзекті мәселелерінің бірі 1937-1938 жылдардағы қайғылы оқиғалардың ресми және ұлттық жадысын зерттеу болды.


Сонымен қатар, 30-шы жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін тарихын - ХХ ғасырдың Орта Азия республикаларында репрессияға ұшыраған адамдар мен олардың отбасыларының тағдыры арқылы қарастыруға болады.


1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін тарихында жинақталған тарихи материалдарды пайдалану және жеке сипаттағы жаңа көзқарасты зерделеу арқылы Орталық Азия республикаларында көптеген ғылыми сұрақтарға ғана жауап беріп қана қоймай, олардың мазмұнын пәнаралық зерттеулер деңгейінде жаңа түсініктер арқылы кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

Конференция қорытындысында қатысушылар төмендегідей қаулылар қабылдады:
1.Сталиндік мұрадан құтылу және посткеңестіктегі қоғамдық-саяси өмірде мұндай әдістердің пайда болуына жол бермеу мақсатында кеңес дәуірінің тарихын мұқият зерделеу қажеттілігін мойындау;
2.Тарих ғылымын дамытудағы жаңа бағыттар негізінде, атап айтқанда, заманауи гуманитарлық зерттеулердің пәнаралық әдістерін қолдану арқылы Орталық Азия республикаларының кеңестік тарихының мәселелерін зерттеуді жалғастыру;
3.ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін тарихы бойынша оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттеріне, мұғалімдер мен білім беру мекемелерінің оқытушыларының сабақ беру тәжірибесіне халықтың жадына негізделген жаңа материалдарды енгізуді ұсыну;

4.ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргінді бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіби тұрғыда жариялауда міндетті түрде кеңес дәуірінің тарихын зерттеуге маманданған ғылыми-зерттеу ғалымдарының қатысуымен және кеңес беруімен ғана қамту туралы талапты қарастыру;
5.Өткеннің тарихи оқиғаларын кәсіби және ғылыми түсінуді одан әрі дамыту мақсатында Кеңес дәуіріндегі саяси тарих мәселелері бойынша Орта Азия республикаларында бірлескен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізу.

 

   

 

   

 

   

 

Тарих және құқық институты