қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
16.02.2023

Бос  лауазымға үміткерлерді іріктеуге өтінім 

 

Бос лауазымның атауы:

Стратегия департаментінің

Даму стратегиясын сүйемелдеу бөлімінің аға эксперті

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

- Стратегиялық жоспарлау процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету (стратегиялық жоспарлау бойынша сессияларды, стратегиялық мақсаттарды әзірлеу жөніндегі іс-шараларды өткізу, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін пысықтау);

- Университеттің даму стратегиясын әзірлеу; 

- Университеттің Даму стратегиясы бойынша құрылымдық бөлімшелерге консалтингтік қызмет көрсету;

- Стратегияны іске асыру жоспарының орындалуын саралау;

- Университеттің әлемдік рейтингтерге (институционалдық, пәндік, жұмысқа орналасу параметрлері бойынша және т. б.) қатысуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- Даму стратегиясын іске асыру жоспарының мониторингін ұйымдастыруға қатысу;

- Стратегиялық сессияларды, стратегиялық мақсат-міндеттерді әзірлеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін пысықтауға қатысу;

- Стратегияның презентациясын дайындауға қатысу;

- Қабылданған Стратегия туралы құрылымдық бөлімшелерді ақпараттандыруды қамтамасыз етуге қатысу;

- Даму стратегиясын іске асыру жоспарын әзірлеу және орындау бойынша талдау жүргізуге қатысу;

- Халықаралық рейтингтерде деректер базасына ақпаратты енгізу үшін деректерді жинауға қатысу (QS, THE, Greenmetric WUR және т.б.);

- Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басқа мамандарымен және басшыларымен, сондай-ақ мекемелермен, ұйымдармен және қоғамдастықтармен өзара қарым-қатынас жасау.

Іссапарларға шығу:

Қажеттілік бар

Білімі:

Жоғары. Академиялық дәреженің болуы құпталады

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, басқалары)

1 (бір) жылдан кем емес

Кәсіби құзыреттері:

- Құжаттамамен жұмыс істей білу;

- Мәтіндік және статистикалық ақпаратты өңдеу және талдау, қорытынды жасау;

- құжаттарға аударма жасай білу; орыс тілден қазақ тілге, т.б.

- Командада жұмыс істей білу;

- Өз ойын анық және сауатты жеткізу.

Жеке құзыреттері мен қасиеттері:

Тез тіл табыса білу, саналылық, белсенді өмірлік ұстанымы бар, күйзеліске төзімді, креативтілік, ұйымдастырушылық қабілеттерінің болуы, мұқияттылық, тез үйрену, ұқыптылық,

Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білуі (кандидат меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ тілі - еркін

Орыс тілі - еркін

Ағылшын тілі - меңгерген жағдайда  артықшылық болып есептеледі

Компьютерлік дағдылары:

MS Office (Word, Outlook), Excel, Google Drive/Docs/Meet,  ZOOM, PowerPoint, Prezi, Canva пакетін жақсы меңгеру, Social Media-мен, электрондық поштамен жұмыс істеу.

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

11 сәуір 2023 ж. дейін

Керек қызметкерлер саны:

1 (бір)

(декреттік демалыс кезеңіне)

Байланысушы тұлға:

hrteam@abaiuniversity.edu.kz

Кулумбаева Баглан Омарсеитовна

+7 701 729 17 57