қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
03.04.2023

Құрметті профессорлар, оқытушылар, білім беру ұйымдарының басшылары, мұғалімдер, докторанттар және магистранттар!

 

 

2023 жылғы 7 сәуір күні сағат 13.00-де Абай университеті Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасы «Заманауи педагог тұлғасын қалыптастырудың психологиялық педагогикалық аспектілері» тақырыбында қалалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізеді.

 

Семинардың мақсаты - қазіргі мұғалім тұлғасының психологиялық-педагогикалық дағдыларын қалыптастыру мәселелерінде ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.

 

Модератор - № 118 мектеп-гимназиясы директорының кәсіптік білім беру жұмысы бойынша орынбасары Мехрибан Абдуллаева. Cпикер - Абай университетінің профессоры Гульмира Саудабаева «Заманауи педагог тұлғасын қалыптастырудың психологиялық педагогикалық аспектілері» тақырыбында баяндама жасайды. Семинар бағдарламасында - талқылау, сұрақ-жауап, сындарлы ұсыныстар.

 

Ғылыми-әдістемелік семинарды ұйымдастырушы - Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасы.

 

Ғылыми-әдіснамалық семинар оффлайн форматта өткізіледі.

 

Өтетін орны: Айнабұлақ, 2, 65 А үй, №118 ЖББМ

 

Уақыты: 7 сәуір 2023 жыл, сағат 13.00 (Астана уақытымен)