қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
07.12.2015

2015  жылы  24  желтоқсанда  Қазақ  Ұлттық педагогикалық  университетінде  Қазақ  хандығының  550 жылдығы және Қазақстан Республикасы Конституциясының  20  жылдығы, Қазақстан  халқы Ассамблеясы жылына арналған  «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы Қазақстан Республикасының Жоғары  білім  саласындағы  жүйе құрушы фактор: оның мәселелері мен іске асыру перспективалары» атты республикалық ғылыми - практикалық конференция өткізіледі.

         Конференция мақсаты: Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарында  болашақ мамандардың ұлттық санасын  қалыптастыру және бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру мақсатында «Мәңгілік  Ел» ұлттық идеясын  жүзеге асырудың негізгі бағыттарын анықтау және талқылау.

        Конференцияға қатысу үшін шақырылады: Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің  өкілдері, Қазақстан Республикасы депутаттары, Қазақстан  халқы Ассамблеясының өкілдері, ҰҒА мүшелері: Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарының  ректорлары, жетекші  ғалымдары мен зерттеушілері (тарихшылар, философтар, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар,оқытушылар, психологтар және т.б) жоғары білім беру жүйесін модернизациялау, соның ішінде жоғары педагогикалық білім беру.

 

                           Конференцияның тәртібі мен ережелері

 

 

                                            24 желтоқсан 2015ж

9.00 -10.00

- Конференцияға қатысушыларды тіркеу (мекен жайы: Достық даңғылы 13,Абай атындағы  Қаз ҰПУ-дің бас ғимараты, ғимарат фойесі )

10.00 - 10.20

- Пленарлық отырыстың ашылуы

10.20-11.00

- Пленарлық отырыс;

- Қазақстан Республикасының БҒМ өкілдері, депутаттар Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері

11.00-11.20

Қазақстан жоғары оқу орындарында «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясын жүзеге асыру  тұжырымдамасы, 1 курс студенттері үшін «Мәңгілік Ел» оқулығының тұсаукесері

11.20-12.20

Сөз алушылар:

-Қазақстан Республикасының ҰҒА өкілдері;

-университет ректорлары;

-Алматы қаласының білім басқармасының өкілдері

12.20-12.30

Резолюцияны  қабылдау

12.30-13.00

Конференцияның жабылуы