қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
25.04.2023

Педагогика және психология институтының докторанттарына арналған ғылыми семинар өтеді


2023 жылғы 2 мамырда Абай университетінде Педагогика және психология институтының докторанттарына арналған ғылыми семинар өтеді. Модератор - «8D01101-Педагогика және психология» мамандығының 2 курс докторанты Қ.Е.Ағыбай.


Семинар баяндамашылары: «8D01901 - Арнайы педагогика» мамандығының 3-курс докторанты Молбаева Н. Қ. (баяндама тақырыбы - «Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқу жетістігін бағалау»); «8D01901 - Арнайы педагогика» мамандығының 3 курс докторанты Каипова Ж. М. (баяндама тақырыбы - «Болашақ арнайы педагогтердің цифрлық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктері»); «8D01901 - Арнайы педагогика» мамандығының 3 курс докторанты Адирбекова Ж.С. (баяндама тақырыбы - «Нашар еститін бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік интеллектісін қалыптастыру»); «8D01901 - Арнайы педагогика» мамандығының 3 курс докторанты Байгалиев А. М. (баяндама тақырыбы - «Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды физикалық оңалтудың заманауи педагогикалық технологиялары»); «8D01901 - Арнайы педагогика» мамандығының 3 курс докторанты Кудайбергенова У. Ж. (баяндама тақырыбы - «Қазақ тілді бастауыш сынып оқушыларының спецификалық жазбаша сөйлеу бұзылыстары»); «8D01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс докторанты Балгинбаева Н. Е. (баяндама тақырыбы - «Болашақ бастауыш білім педагогтерін бизнес-инновацияға бағдарлау арқылы кәсіби іс-әрекетке даярлау»); «8D01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс докторанты Анапияева С.С. (баяндама тақырыбы - «Цифрлық дизайнды жобалау арқылы бастауыш сынып оқушыларының әдеби мәтіндегі көркемдегіш құралдарды тану білігін қалыптастыру»); «8D01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс докторанты Тұрысбаева А. Ж. (баяндама тақырыбы - «Қалыптастырушы бағалау арқылы бастауыш сынып оқушыларының метапәндік нәтижелерін дамыту»).