қазақша · русский · english
   
  Main  News
06.12.2018

Эрзинджан Бинали Йылдырым Университетімен ынтымақтастықты жандандыру


2018 жылы 5 желтоқсанда Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балыкбаев Эрзинджан Бинали Йылдырым Университетінің делегациясымен кездесті. Оның құрамында ректор проф. Акыф Левента, проф. Ведат Шахин және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі үлестіруші Айгерим Сердалиева болды.


Такир Балыкбаев қонақтарды құттықтап, оларға алғысын білдіріп, құрметті қонақтарды ҚазҰПУ-дың негізгі қызметімен жетістіктерімен таныстырды. Кездесу барысында 2013 жылы ашылған Эрдзинжан Университетіндегі Абай мәдени, тілдік және өнер орталығын, Абай атындағы ҚазҰПУ-да Эрдзинжан Университетінің мәдени орталығы мен түрік тілін оқыту орталығын қалпына келтіру мәселесі талқыланды. Орталықтардың жұмысы барысында 15 студент Мевлана алмасу бағдарламасы аясында семестрлік тренингтен өтті, көркемөнер және графикалық факультеттердің мұғалімдері үшін симпозиум өткізді, қазақ және орыс тілдерін меңгеру бойынша сабақтар ұйымдастырды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мәдени мұрасы мен білім беру жүйесіндегі кіріспе іс-шаралар өткізілді.


Кездесуге қатысушылар университеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында, атап айтқанда, білім алмасу, бірлескен оқу және зерттеу бағдарламалары, профессор-оқытушылар құрамының бірлескен ғылыми-зерттеу қызметі және ғылыми іс-шараларға қатысу мүмкіндігін талқылады.

 

   

 

  

 

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы