қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
14.06.2023

Құрметті болашақ магистранттар, назар аударыңыздар!


Сіздер магистратураға түсу үшін міндетті түрде КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ (КТ) тапсырасыздар.


2023 жылғы КТ-ға өтініштерді қабылдау www.app.testcenter.kz сайтында 1 маусымнан 15 шілдеге дейін жүргізіледі.

 

Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өткізіледі.

 

Өтініш беру кезінде тек ТЕСТІЛЕУ ОРНЫН (ҚАЛАСЫН) таңдай аласыздар. Ал тест тапсыру күні, уақыты, мекенжайы туралы ақпарат 18 шілдеде Жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде ұсынылады (18 шілде күнін жаттап алыңыз, сол күні тіркелу сайтына кіріп, КТ-ны қай күні тапсыратыныңызды қарайсыз).

 

Айта кетейік, сіздерге өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 15 шілдеге дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.


КТ-ға қатысу құны 14 693 теңгені құрайды.


❗️МҰҚИЯТ БОЛЫҢЫЗДАР: Елімізде магистратура 2 бағытта оқытылады: ғылыми-педагогикалық және бейінді.


*Магистратураны толық 2 жыл оқып, болашақта ғылым немесе педагогика саласында қызмет істеуді жоспарласаңыз, өтініш беретін кезде ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАГИСТРАТУРА дегенді, ал 1-1,5 жыл оқып, кәсіби біліктілігіңізді арттыру үшін оқуды қаласаңыз, өтініш беретін кезде БЕЙІНДІ МАГИСТРАТУРА дегенді таңдайсыздар. ШАТАСТЫРЫП АЛМАҢЫЗДАР!

 

Абай университетіне оқуға тапсыру туралы сұрақтар бойынша Қабылдау комиссиясына хабарласыңыз:
Тел.: 8 727 291 57 68;
Call-орталығы: 8 727 221 85 14.

 

Ақпарат көзі: Ұлттық тестілеу орталығы ҚР ҒЖБМ