қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
15.06.2023

Қандай түлектер грантты жұмыспен өтеуге тиіс?


ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес 6 санат үшін грант бойынша үш жылдық немесе екі жылдық міндетті жұмыспен өтеу көзделген:

1) Педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квота шегінде түскен ауыл жастары;
2) Педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша "Серпін" бағдарламасы бойынша түскен ауыл жастары;
3) Педагогикалық және медициналық мамандықтардың студенттері;
4) Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша білім алған докторанттар;
5) Философия докторлары бағдарламасы бойынша оқыған докторанттар;
6) Барлық басқа мамандықтар;

«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес грантты жұмыспен өтеуден кімдер босатылды?
1) жүкті немесе 3 жасқа дейінгі балалары бар;
2) 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;
3) Егер бітірушінің жұбайы/зайыбы тұратын, жұмыс істейтін немесе қызмет өткеретін елді мекенде бос орын болмаса;
4) одан әрі грантқа резидентураға, магистратураға немесе докторантураға түскен жағдайда.


Грантты жұмыспен өтеу бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Сіз келесі нөмірлер бойынша жүгіне аласыз: 8 (7172) 695-037, 695-047, 695-057, 695-056, 695-032.

 

Ақпарат көзі: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі