Main
News
31.01.2011 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті АҚПАРАТТЫҚ ХАТАбай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 2011 жылдың 4 ақпанында ҚазҰПУ профессоры Т.Қ.Оспановтың 70 жылдығына арналған «Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытудың әдістемелік жүйесін жасау теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында Республикалық Дөңгелек үстел өткізеді. Басталуы сағ. 10-00. Мақсаты - кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту үдерісінің әдістемелік жабдықталу мәселелері бойынша түрлі пікірлерді анықтау; әртүрлі көзқарастағы түсініксіз немесе талас тудыратын жайттарды талқылау, осы мәселелерге қатысты пікірлерді қорытындылау. Дөңгелек үстелдің жұмысына қатысуға ғалымдар, оқытушылар, ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінің қызметкерлері, ізденушілер, магистранттар және ЖОО-ның студенттері шақырылады. Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесі бойынша баяндамалар жинағы баспадан шығарылады. Жұмыс үш тілде жүргізіледі: қазақ, орыс, ағылшын. Тіркеу қағазы мен мақала университеттің ұйымдастыру алқасына 2011 жылдың 5 ақпанына дейін тапсырылу қажет. Тіркеу қағазында мыналар көрсетіледі: 1) толығымен аты-жөні; 2) ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы; 3) баяндама тақырыбы; 4) жұмыс орны - мекеменің толық атауы; 6) қызметі - толық аталуы, байланыс телефондары (жұмыс, үй), е-mail, қолы. Баяндама көлемі 3-5 беттен кем болмауы керек, баяндама мәтіні электронды және баспа түрінде тапсырылуы тиіс. Беттің жоғарғы және төменгі жағынан 2 см., сол жағынан 3 см., оң жағы 2 см қалдырылады. Азат жолдағы бос жер 1,27 см.; ені бойынша түзеу, беттің формасы А4. Жазу шрифті қазақ тілінде - KZ Times New Roman, орыс және ағылшын тілдерінде - Times New Roman, кегль 14, жоларалық ашықтық 1,0. Қазақ және орыс тіліндегі мақалаға орыс және ағылшын тілдерінде түйіндеме беріледі. Материал келесі тәртіппен орналасу керек: автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі (шрифт 13), бір интервалдан кейін мекеменің аты, қаласы, электронды поштасы көрсетіледі (шрифт 13). Бір интервалдан кейін - ортада баяндаманың тақырыбы (бас әріптермен, қалың шрифтімен, 14-өлшем), 2 интервалдан кейін негізгі мәтіні басылады. Мәтіннің соңында 2 интервалдан кейін түйін, пайдаланылған әдебиеттер тізімі (өлшемі 10) беріледі. Мақаланы жіберу үшін е-mail: gulzhanat_2010@ mail. ru Пошталық мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 56 Б, психология-педагогика факультеті, Малчибаева Гульжанатқа, тел. 8-777-3238682. Дөңгелек үстелге қатысушының келуге қатысты барлық шығыны қатысушы есебінен болады. Ұйымдастыру жұмысына төлем 3000 теңге көлемінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайға жіберіледі. Дөңгелек үстелді ұйымдастыру алқасы |