қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.12.2018

«Педагогиканың филисофиясы және әдіснамасы» пәнінен

ашық сабақ

 

2018 жылдың 7 желтоқсанында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ұлжарқын Әбдіғапбарова «Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» пәнінен 1 курс орыс бөлімінің докторанттарына ашық сабақ өткізді.


Ашық сабаққа оқу ісі жөніндегі проректоры, профессор Асан Сәтмырзаев; педагогика және психология кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Наталья Хан; Ресей білім Академиясы Психологиялық институтының аға ғылыми қызметкері, психология ғылымдарының кандидаты Татьяна Попова (Ресей, Мәскеу қ.), педагогика және психология кафедрасының оқытушылар мен докторанттар қатысты.

 

«Төңкерілген сынып» технология арқылы өткізілген ашық сабақта докторанттар оқу курсының нәтижелері мен жоғары деңгейде білімдерін көрсетті. Осылайша, «Педагогиканың философия және әдіснамасы» пәнінің негізгі мазмұны бойынша викторина жүргізіліп, педагогика философиясы дамуының тарихи кезеңдерінен сахналық көріністер қойылды және «Педагогиканың ғылымдар еліндегі шытырман оқиғалары» тақырыбында ертегі-қойылым көрсетілді.

 

Қатысқан қонақтар ашық сабақтың заманауи әдіс-тәсілдермен жоғары деңгейде мазмұнды өткенін ерекше атап өтті және докторанттарға қысқы сессияларын сәтті тапсыруға тілектерін білдірді.