қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
10.10.2023

Бос лауазымға үміткерлерді іріктеуге өтінім

 

Бос жұмыс орны жабық

 

Бос лауазымның атауы:

Аппарат жетекшісі

Негізгі лауазымдық міндеттері:

1) Басқарма Төрағасы-ректордың әкімшілік қызметі бойынша жұмысты жүзеге асыру;

2) Басқарма төрағасы-ректордың басқарушылық шешімдері мен тапсырмаларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, орындаушылық тәртіпті бақылауды жүзеге асыру, университет қызметкерлерімен өзара қызмет процесінде ректордың ресми ұстанымын білдіру;

3) жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру: кадр саясаты басқармасы, іс жүргізу және мұрағат қызметі, заң жұмысы және сатып алуды ұйымдастыру басқармасы, шарттар мониторингі қызметі және көрсетілген қызметтердің сапасы, қоғаммен байланыс департаменті, түлектер қауымдастығы, университеттің қауіпсіздік қызметі және ахуалдық орталық;

4) Басқарма төрағасының-ректордың тапсырмасы бойынша не өзінің лауазымдық нұсқаулықтары шеңберінде қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелерінен Басқарма төрағасы - ректор үшін қажетті мәліметтерді сұрату және жинау;

5) Басқарма төрағасы-ректордың атына келіп түсетін хат-хабарларды жүйелендіру, қабылдау, қабылданған шешімге сәйкес жұмыс процесінде қолдану немесе жауаптар дайындау үшін нақты орындаушыларға /құрылымдық бөлімшелерге тапсыру;

6) Басқарма Төрағасы-ректордың тапсырмасы бойынша іскерлік хат алмасуды жүргізу және мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдарда қоғамның мүддесін білдіру;

7) Басқарма төрағасы-ректордың бұйрықтары мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру, басқарма төрағасы-ректордың бұйрықтары мен тапсырмаларының орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру, ол болмаған кезеңде аппараттың өз функцияларын үздіксіз және тиімді орындауын қамтамасыз ету, оның қызметінің нәтижелілігіне жауапты болу;

8) құрылымдық бөлімшелердің және нақты орындаушылардың келіп түскен құжаттарды уақтылы қарауына және орындауына бақылау жасау;

9) Басқарма төрағасы-ректорды мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік ету үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;

10) қоғамның стратегиясын іске асыруды үйлестіру;

11) Ректор аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын дайындауға;

12) Ректор аппаратының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын ұйымдастыруға;

13) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қою.

Білімі:

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (экономикалық, қаржылық, заңгерлік) білім

Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

Жоғары оқу орындарында және/немесе білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, білім беру саласындағы менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат (куәлік)

Кәсіби құзыреттер:

- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексін, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік материалдар;

- персоналды басқару негіздері, еңбек заңнамасының негіздері;

- іс жүргізу жүйесінің негізгі ережелері, орындалуын бақылау әдістері, ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама нысандарын;

- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негізгі қағидаларын;

- Аппарат басшысының қызметі саласына қатысты менеджмент негіздері, бизнес-процестердің сипаттамасын

- өз қызметін жүзеге асыру кезінде еңбекті қорғау техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормалары;

- дамуды басқару және түлектермен өзара әрекеттесу негіздерін білу.

Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ тілі, Орыс тілі

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

2023 жылғы 9-13 қазан аралығы

Байланысушы тұлға:

Габдуллина Асем 291-18-29

a.gabdullina@abaiuniversity.edu.kz