қазақша · русский · english
   
  Main  News
26.02.2015

Студенттер қолдауда


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Жалынды жастар -Қазақстанның жарқын болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Мәжілісті Тәрбие ісі жөніндегі проректор, саяси ғылымдардың кандидаты, доцент Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы ашып, Қазақстан Халқы Ассамблясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы үндеуінің бүкіл елімізде зор серпіліс тудырып отырғанын атап көрсетті. Жанатбек Ешенқожаұлы өз сөзінде қазіргі әлем елдерінің басына төніп тұрған экономикалық дағдарыс пен геосаяси жағдайға да кеңінен тоқталды.
-Біздің еліміз осындай қиын кезеңдерде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, ертеңгі ел болашағы үшін дұрыс қадам жасауы керек, сондықтан мен Қазақстан Халқы Ассамблясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы үндеуін толық қолдаймын,- деді ол. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне тоқтала келіп, ол біздің жастарымыз жарқын болашақта өмір сүруі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында екенін жеткізді. Сонымен қатар осындай дағдарыс кезеңінде Елбасымыздың шұғыл шешімдер қабылдай алатын, елімізді одан әрі жарқын болашаққа бастай алатын көреген саясаткер екеніне тоқталды. Осындай жалынды сөздерден кейін сөз алған студент жастар рухтана, келешекке деген сенімінің мол екенін көрсете сөйледі. Университеттегі «Бірлік» кіші Ассамблясының мүшесі, 2 курс студенті Бостанчиева Малика «Жастар саясатының жаңа белестері», Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Нұрман Ермұқан «Жастар мемлекет саясатын қолдайды», Жаратылыстану және география институтының 2-курс студенті Ораз Асылтас «Кезектен тыс сайлау -ел экономикасына жаңа серпін береді» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашылар Қазақстан жастарының елдің ертеңгі болашағы ретінде көптеген іс- шараларға ат салысуы, ел тағдырына жанашырлықпен қарауы керектігін сөз етті. «Бірлік» студенттік Ассамблясының төрағасы Көптілді білім беру инстутының 2 курс студенті Анишмов Вячеслав, ALESEC ұйымының төрағасы Сауытов Қайрат сияқты жастар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанда ұлттардың татулығы мен бауырластығын нығайту, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі көреген саясатына, әсіресе жастардың сапалы білім алуына жасап отырған қамқорлығына айрықша тоқталды. Студент жастар ел болашағына деген өзіндік көзқарастарын білдіріп, қызу пікір алмасты.
Мәжіліс соңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студент- жастары Қазақстан Халқы Ассамблясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы үндеуін толық қолдайтынын, Елбасымызға әрқашанда сенім білдіретінін айтты.