қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
12.02.2016

 

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті 

Филология институты

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы

А Қ П А Р А Т Т Ы Қ        Х А  Т

Құрметті әріптестер, студенттер және магистранттар!

            2016 жылдың  8 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология  институтына қарасты шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының ұйымдастыруымен   «Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде» атты 8-ші жас ғалымдардың халықаралық ғылыми  конференциясы  өтеді.

            Ұйымдастыру комитеті ғылыми кызметкерлерді, ЖОО-ның оқытушыларын, студенттерді, магистранттарды және мектеп мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушыларын конференцияға белсенді атсалысуға шақырады.

      Конференция  жұмысының бағыттары:

-  Педагогика ғылымдары

-  Ұлттық тәрбие

-  Филологиялық   ғылымдар

-  Жаратылыстану-ғылыми пәндер

 - Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар

   -  Мектеп  оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары.

            Конференция  тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Конференцияға іштей және сырттай қатысуға болады.

Конференция материалдары бойынша арнайы жинақ  шығарылады, тіркеу кезінде қатысушыларға таратылады немесе пошта арқылы жіберіледі

 

Конференцияға қатысу және жинақты  шығару үшін:

            1. 2016 жылдың 10 наурызына дейін  конференция жұмысына қатысу жөнінде өтініш пен мақаланы ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына  жіберілуі тиіс (үлгі бойынша); Мақала көлемі 5 беттен аспауы тиіс.  Парағы - А4.  Шрифт: Microsoft WORD, Times New Roman (Times New Roman KZ),  өлшемі - 14, жол аралығы - 1 интервал.  Беттің көлемі - сол жағы - 2 см, оң жағы - 2 см,  жоғары және төменгі жағы - 2 см; Конференцияның ұйымдастыру жарнасы төленгені туралы квитанцияның  көшірмесін мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: rus.kafedra@mail.ru

            2. Мақалалар мен өтінімдер  төмендегі мекен-жай бойынша қабылданады:  шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы (217 офис) Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  математика, физика және информатика институты Төле би көшесі, 86, Алматы қаласы, сондай-ақ  төмендегі электрондық поштаға жіберуге болады: е-mail: rus.kafedra@mail.ru. Конференцияның ұйымдастыру жарнасы - 4 000 теңге.

               Конференция  қатысушыларының жатын орны, тамақтануы іс-сапарға жіберуші ұйым тарапынан төленеді.   

 

Материалдарды рәсімдеу  ережесі:

1.          Мақала атауын   ортада орналастыру керек (бас әріптермен, 14 кегль).

2.          Төменнен ортаға қарай автордың тегі, аты- жөні (жартылай жуан қаріп,12 кегль).

3.          Тегінің астына өзіңіздің  мекемеңіздің аты, қала аты (10 кегль)

4.          Электронды пошта  (курсив, 10 кегль)

5.          Жиектері: жоғары- төмен, оң және сол жақтары - 20 мм, кітаптық  бағыт

6.          Жол аралық интервал- бірлік 1,0

7.          Әдебиеттерді  төмендегі үлгі бойынша рәсімдеу керек:

 

1.      Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура: Лингвострановедение в преподавании русского языка как иностранного. - М.: Русский язык, 1990. - 269 с.

2.      Абилгалиева М.Х. Сопоставительный анализ соматической фразеологии казахского и немецкого языков: автореф. ... канд. филол. наук: 10.02.06. - Алма-Ата, 1992. - 23 б.

            Мәтін ішіндегі сілтемелер келесідей теріледі: [1, 11], 1- әдебиет атауы, 11- бет.

Қатысушылардың өтінішін  келесі үлгі бойынша дайындау керек.

Ф.И.О.(толығымен)

 

Жұмыс орны

 

Қызметі

 

Атақ, дәрежесі

 

Баяндама  тақырыбы

 

Секция

 

Қала

 

Оқу орны, кафедра атауы

 

Пошта мекен-жайы

 

e-mail

 

Байланыс телефоны, факс

 

 

Мақалалар мен өтініштер   мына мекен-жайда қабылданады:

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  математика, физика және информатика институты Төле би көшесі, 86, Алматы қаласы.  Электрондық пошта: е-mail: rus.kafedra@mail.ru

Конференцияға қатысушыларды тіркеу 2016 жылдың 8 сәуірінде сағат 09.00 -10.00 дейін Назарбаев Зияткерлік мектепте, Алматы, Медеу ауданы, Жамакаев к., 145.

Конференцияны ұйымдастыру жарнасын қолма-қол немесе төмендегі деректемелер  бойынша  төлеуге болады:

Банк  «ЦЕНТР КРЕДИТ»

Казабеева Виталия Алексеевна, Банк шоты КZ 058 560 000 003 273 362, ИНН 780417400202

Конференция жұмысының басталуы: 8сәуір 2016 ж., сағ. 10.00

Ұйымдастыру комитеті:    

Шетел азаматтарына  арналған филологиялық пәнде  кафедрасы -   8(727)261-65-98,

 

Кафедра меңгерушісі  Бегалиева Сәуле Баязқызы  

Жауапты хатшы Казабеева Виталия Алекссевна, vitaliya.78@mail.ru

 

Ұйымдастыру комитеті