қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
22.02.2016

ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті оқытушылар! «Театр сахнасы шақырады » атты студенттер жобасына байланысты 01.03.2016ж. сағат 17.00-20.00 аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жас өспірімдер театр залында төменде аты аталған өнер қайраткерлерімен (қосымша1) кездесу өткізіледі және Ш. Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» атты қойылымы көрсетіледі. Өз студенттеріңіздің 01.03.2016ж күні сағат 16.30-да театрға кешікпей келуімен және төмендегі ақпаратпен (қосымша1) таныстырыңыздар
Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы.

 

Қосымша 1
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жас өспірімдер театр залында төменде аты аталған өнер қайраткерлерімен кездесу өткізіледі.
1. Гүлбахрам Байбосынова
2. Әсет Имангалиев
3. Данияр Базаркулов
4. Толқын Нұрбекова
5. Рахман Омаров


Кездесуден кейін университет студенттері өнер көрсетеді және Ш. Айтматовтың шығармашылығына байланысты, «Қызыл орамалды шынарым» қойылымында ойнайтын өнер қайраткерлеріне байланысты викториналық сұрақтар қойылады.
Ш. Айтматов және қойылым туралы ақпаратпен студенттеріңізді таныстырып өтіңіздер (Әрбір баратын студентті осы ақпаратпен таныстырыңыздар).

Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов (12.12.1928 жылы туылған, Қырғыз Республикасы Талас өңірі, Шекер ауылы - 10.06.2008 жылы) - жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғызстанның халық жазушысы, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.[1]
«Аспалы көпір», «Жәмила», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар» тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары жарық көрді. «Көктөбедегі кездесу» (Қ. Мұхамеджановпен бірге) спектаклі көптеген елдердің театр сахналарында қойылды.
Ш.Айтматовтың 20 астам шығармасы экранизацияланып, басқа да көптеген шығармаларына инсценировка жасалды.
Шығармалары шет елдерге де кеңінен танылды. Айтматов қаламынан туған әрбір шығарма адамзаттық көкейкесті мәселелерді қозғауымен, сыршылдығымен, шыншылдығымен, жаңашылдығымен ерекшеленеді. Айтматов туындылары түгелдей дерлік қазақ тілінде жарық көрді. Сонымен бірге француз, неміс, жапон, араб, түрік, парсы тағы басқа дүние жүзінің көптеген тілдеріне аударылды.
КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының, Лениндік сыйлықтың, көптеген халықар. сыйлықтардың лауреаты.
«Қызыл орамалды шынарым» екі бөлімді драма.
Авторы - Шыңғыс Айтматов
Инсценировка және қоюшы режиссері - Талғат Теменов ҚР халық әртісі, профессор
Ш. Айтматовтың «Арманым Әселім» хикаяты әлемнің көптеген сахналарынан лайықты орын алған ұлы шығарма. Бұл қойылым осыдан 45 жыл бұрын театр сахнасында сахналанған. Спектакль Мәскеуде өткен театр фестивалінде жүлделі орын алып, Чапай Зұлқашев, Байділдә Қалтаев, Мұхтар Бақтыгереев, Роза Әшірбекова сынды сахна шеберлері мемлекеттік марапатқа ие болған. Осы қойылым араға 45жыл салып, жастар театрының сахнасында қайта сахналанып отыр. Араға жарты ғасырға жуық уақыт салып, қойылым «Қызыл орамалды шынарым» деген атпен сахнаға қайта оралды. Танымал шығарманың қайта сахналануына Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор, режиссер Талғат Теменов ықпал етті.
Шығармада өткен ғасырдың 60-жылдарында Тянь-Шань тауларының бөктерінде, Қырғыз жеріндегі Долан асуында өткен оқиға сипатталады. Жол бойында кездейсоқ танысқан ауыл қызы Әсел мен көлік жүргізушісі Ілияс пәк сезімдер арбауына түсіп, шынайы махаббаттың кейіпкерлері атанады. Ата-анасының рұқсатын алмай, аттастырылған жігітіне қарамай, Әсел Ілиястың етегін ұстайды. Алайда, қас-қағым сәтте, олар бастарына қонған бақтан айырылып, әрқайсысы өз жөнімен кете барады. Әсел өзінен үлкен азаматқа қосылып, ортада қалған Самат бүлдіршін өзге жанды әке деп кетеді. Өзегінде өкініш өрті лауласа да, өткенді қайтара алмайтынын түсінген Ілияс жаңа өмір сүруге қадам басады.