қазақша · русский · english
   
  Main  News
16.03.2015

2015 жылдың 12 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институтының оқу ғимаратында ресейлік және қазақстандық математиктердің өзара қызметтестігі шеңберінде «Білім беруді ақпараттандыру және оқыту проблемалары» тақырыбында семинар болып өтті. Осы халықаралық ғылыми іс-шараны ұйымдастырған Информатика және білім беру ісін ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бидайбеков Есен Ықыласұлы семинардың мән-мақсатын былай деп түсіндіреді:

-Негізгі мақсат -ғалымдар назарына дүниежүзінде математика ғылымы саласында болып жатқан жаңалықтарды, «кері есептеулер» бойынша жүргізілетін зерттеулер нәтижелерін ұсыну, сондай-ақ қазақстандық және ресейлік математик ғалымдардың бірлескен жұмыстары, ол істің болашағы туралы ой қорытып, пікір алмасу.
Ғылымның осы саласындағы көрнекті ғалымдар қатысқан семинарда Ресей Федерациясының Ғылым академиясының Есептеу математикасы және математикалық геофизика институты директорының міндетін атқарушы, РҒА мүше-корреспонденті Кабанихин Сергей Игоревич «Математикалық модельдерді айқындау әдістері» тақырыбында баяандама жасады.
Негізгі баяандама мен жарыссөзден кейін семинарға қатысушылар екі елдің математик-ғалымдарының қызыметтестік шеңберін одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
Баспасөз орталығы