Main /
Announcements
10.01.2024 «Білім алушылардың тілдік функционалдық сауаттылығын дамыту: теория және тәжірибе» халықаралық дөңгелек үстелі өтеді
9 ақпан 2024 жылы Педагогика және психология институты, Бастауыш білім беру кафедрасы педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Г.И.Уайсованың 70 жылдығына арналған «Білім алушылардың тілдік функционалдық сауаттылығын дамыту: теория және тәжірибе» халықаралық дөңгелек үстелін өткізеді.
Дөңгелек үстел аясында төмендегідей мәселелер талқыланады: 1. Білім алушылардың тілдік функциональдық сауаттылығын дамытудың қазіргі жайы мен оны дамыту тенденциялары. 2. Білім алушылардың тілдік функционалдық сауаттылығын дамытудағы заманауи білім беру технологиялары. 3. Тәжірибелік қадамдар мен жобалар: бастауыш білім алушылардың тілдік функционалдық сауатылығын дамытудағы озық тәжірибелер мен инновациялар. 4. Білім алушылардың тілдік функционалдық сауаттылығын дамытудағы халықаралық зерттеулер
Дөңгелек үстелге қатысуға оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар, бастауыш сынып мұғалімдері шақырылады.
Өткізу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Ақпараттық хат сілтеме бойынша
Тіркеу формасы сілтеме бойынша
Өтетін орны: 320 аудитория (Бас оқу ғимараты)
Уақыты: 9 ақпан 2024 жыл, сағат 14:00 Алматы
Конференцияға қосылу үшін сілтеме: https://zoom.us/j/98124674021?pwd=REhKU2xWMWlDOElOamtNZmdqODg5dz09
Конференция ID: 981 2467 4021
Кәру коды: 942157
|