қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.02.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ СМЖ инспекциялық аудитін сәтті өткізді


«Русский регистр» Еуразия қауымдастығы 2019 жылдың 30 қаңтар - 01 ақпан аралығында жүргізілген сертификаттау бойынша инспекциялық аудит нәтижесінде Университеттегі сапа менеджмент жүйесі тұрақты жақсарту қағидасына сәйкес әрекет етуде және дамып келе жатқанын анықтады. Сәйкессіздік анықталған жоқ.

 

Сыртқы аудит барысында «Русский Регистр» қауымдастығының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры Біржан Жантуаров университеттің екі іс-шарасында қонақ болып, Сорбонна-Қазақстан институтында өткізілген «Ой-пікірлер түні» іс-шарасында институт басшылығына «Сапа расталды» сертификатын табыс етті. Ал «SMART STUDENTS» Жастар бастамаларын қолдау орталығының салтанатты ашылуында университет ректоры Такир Балықбаевпен бірге дәстүрлі қызыл лентаны кесіп, құттықтау сөзін сөйледі.


Құжаттамадан алынған: «Русский регистр» сертификаттау бойынша қауымдастығы - ірі халықаралық танылған ресейлік сертификаттау және сараптама ұйымы. Ресей, Қазақстан, Украина, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің 2000-нан астам кәсіпорындары сенім білдірген басқару жүйелерін сертификаттау жөніндегі жетекші ресейлік орган.


2003 ж. 01 қазаннан бастап «Русский регистр» IQNet сертификаттау жөніндегі органдардың халықаралық ассоциациясының мүшесі, ал 2006 ж. бастап - оның толық құқықты серіктесі болып табылады. IQNet- мемлекеттік емес, коммерциялық емес Берн қаласында (Швейцария) штаб-пәтері бар ұйым. Әртүрлі елдерде сертификаттарды тануды қамтамасыз ету (1990 ж.), сондай-ақ менеджмент жүйелерін бағалау және сертификаттау саласында басқа да қызметтер көрсету үшін құрылған халықаралық сертификаттау желісі болып табылады.


 

   

 

  

 

 

Білім сапасын сараптау және бағалау бөлімі