қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
12.02.2024

Коронавирустық инфекцияның алдын алу


2024 жылдың 9 ақпанында Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова «Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарында бетперде кию режимі енгізілді.

 

Құрметті университет қызметкерлері мен студенттері!

 

Коронавирустық инфекцияға қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймыз! Арақашықтық сақтап, медициналық бетперде киіп, ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардан қорғанып жүруге кеңес береміз!

 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті