Main /
Announcements
15.02.2024 «Белая ладья» шахмат турнирі өтеді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Математика, физика және информатика институты «Garde» шахмат клубының ұйымдастуымен 2024 жылғы 17 ақпанында Математика, физика және информатика институтының студенттері және басқа институттардан қонақтарымыз арасында «БЕЛАЯ ЛАДЬЯ» ұлдар және қыздар арасында ^^Rapid (10+3)^^ -тан турнир өткізілу жоспарланып отыр. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен мадақтамалар беріледі.
Турнир ережелері: Ойын 10+3 форматта өтеді; 1 мүмкін емес жүріс ескерту, 2 ші мүмкін емес жүріс жеңіліске алып келеді; Егер қарсыластың уақыты біткен болса, ойыншы төрешіні шақыртып, ойынды тоқтата алады; Ойын 7 турдан тұрады; жеңіске 1, тең ойынға (ничья) 0,5, жеңіліске 0 ұпайлары беріледі; Егер жарыс соңында 2 немесе одан да көп адамда бірдей ұпай жиналып қалса БУХКОЛЬЦ коэфициенті жеңімпазды анықтап береді. Телефон немесе басқа да гаджеттер қолданған жағдайда ойыншы ойыннан шығарылады және нәтижесі жойылады.
Тіркелу уақыты: 16.02.2024 ж., сағат 23:00-ге дейін
Турнир уақыты: 17.02.2024 ж., сағат 10:00-де басталады.
|