қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.02.2019

ҚР жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігі бойынша семинар

 

12 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Алматы аймақтық ректорлар Кеңесі қауымдастығымен бірлесіп «Қазақстан университеттері халықаралық аренада: бәсекеге қабілеттілікті арттыру» тақырыбында халықаралық семинар өткізді.

 

Семинардың мақсаты - қазақстандық ЖОО-ның әлемдік рейтингке қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету, бұл өз кезегінде университеттің халықаралық білім ортасына қосылуға мүмкіндік береді; білім беру және зерттеу процестерін білім беру саласындағы халықаралық ережелер мен стандарттарға сәйкестендіру.

 

Семинарға Алматы аймақтық ректорлар Кеңесінің төрағасы, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, QS Ltd компаниясының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Зоя Зайцева (Ұлыбритания), EdCrunch университетінің онлайн-білім беру орталығының директоры, «МБҚИ» ҰҒТУ эндаумент қорының директоры Нұрлан Қиясов (Ресей), Stanton Chase оқу тәжірибесінің басшысы Елена Чернышкова (Ресей), жоғары білім саласындағы сапа сараптамасын бағалауға, менеджментке, халықаралық қызметке тікелей қатысы бар: Қазақстан Республикасы, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан университеттерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

 

ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев алғы сөзінде семинарға қатысушыларға университеттің жетістіктері туралы баяндады: - «QS World University Rankings-2019 деректері бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ әлемнің үздік 500 университеттерінің қатарына енді. 2019 жылдың қаңтар айында университеттің веб-сайты «Webometrics» әлемдік университеттердің веб-сайттар рейтингісі бойынша 122 қазақстандық ЖОО арасында үздік сайттар төрттігіне кіріп, педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында 1-ші орынды иеленді».

 

Сонымен қатар ректор Такир Балықбаев халықаралық білім беру кеңістігінде қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша халықаралық семинардың маңыздылығын атап өтті.

 

«Әлемдік білім беру кеңістігіне ену ұлттың интеллектуалдық әлеуетін және оның бәсекеге қабілеттілігінің қарқынды өсуіне ықпал етеді. Жоғары мақсаттарға қол жеткізу үшін рейтінгілік бағалау бойынша жүйелі, дәйекті және нәтижеге бағдарланған жұмыстарды орындау қажет. Оқу орынның рейтингін көтермелеу бағытында бүкіл команданың күш-жігерін біріктіретін айқындалған жалпы университеттік стратегияны әзірлеу қажет», - деді.

 

Семинар жұмысында QS Ltd (Ұлыбритания) компаниясының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Зоя Зайцева (Ұлыбритания), EdCrunch университетінің онлайн-білім беру орталығының директоры Нұрлан Қиясов (Ресей), Stanton Chase оқу тәжірибесінің басшысы Елена Чернышкова (Ресей) баяндама жасады.

 

QS Ltd компаниясының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Зоя Зайцева университеттердің әлемдік рейтингтері, олардың негізгі көрсеткіштері, деректерді жинау және ұсыну әдістері, университеттің танымалдылығын арттыру бойынша ұсыныстар: веб-сайтты оңтайландыру, B2B және B2C іс-шараларына қатысу, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс орнату туралы баяндама жасады.

 

EdCrunch университетінің онлайн-білім беру орталығының директоры Нұрлан Қиясов университеттің стратегиялық көшбасшылығындағы ескеретін: түлектермен үздіксіз байланыс орнату, қайырымдылық қорлар құру және оларға түлектердің қатысуы, білім беру саласындағы бірқатар міндеттердің жауаптары және т.б. маңызды деректермен бөлісті.

 

Stanton Chase оқу тәжірибесінің басшысы Елена Чернышкова өз баяндамасында халықаралық қызметкерлерді тартудың маңыздылығын атап өтті: университеттің беделін арттыруда олардың атқартын рөлі.

 

Семинар барысында спикерлер QS халықаралық рейтингісінде негізге алынатын алты бағалау критерийлері: академиялық беделі, профессор-оқытушылар құрамының және студенттер санының қатынасы, университеттің жұмыс берушілер арасында беделі, ғылыми жарияланымдардың дәйек сөз индексі, шетел студенттерінің үлесі мен шетел мұғалімдерінің үлесі туралы толық ақпарат берді.

 

Семинар жоғары деңгейде, тиімді және нәтижелі өтті. Іс-шара соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім