Main /
Mass media about us
19.02.2019 Оразалы емтиханда домбырамен жырлап тұрып жауап беретін - профессор
«Ауызша ақындық поэзия мен жазба поэзияның көркемдік тұтастығында Оразалы озып тұрды. Тап осы құбылыс жалғаса берсе деп тілеймін. Оразалы қазақтың қалыптасқан айтыс өнеріне жаңаша серпін әкелді. Оның айтыстарында қазақ тарихының арғы сақ, ғұн дәуірінен басталған үлкен ата-бабалық жолы, дәстүрі ұлықтала жырланды. Сонымен қатар, ұлы дала еліндегі батырлар, би, шешендеріміз, хандардың жақсы істері кейінгі ұрпаққа үлгі болсын деп жырланып отырды. Оразалы жазбаша ақындық өнерде де өзінің талантын танытып, республикалық басылым беттерінде бірқатар өлеңі жарияланды», - дейді ол.
«Оразалымен бір топта оқыдық, бірге жүрген замандастарымыз. Алайда ол туралы бүгін естелік айтып тұрамыз деп еш ойламадық. Оразалы болмысы ерекше тұлға болатын, оны барлығымыз сезетінбіз, білетінбіз. Ол білімі, адамгершілігі жағынан озық тұратын. Кезінде ол «осы ұстаздарымыз кейін менің тілімді зерттейді ғой» деп айтатын. Бүгін соның таңы атқан шығар деп ойлаймын», - дейді ол.
19.02.2019 ж. Ақпарат көзі: baq.kz
|