Main /
Announcements
23.04.2024 Жапониядан келген профессордың дәрісі өтеді
Жапонияның Тохоку университетінен (Синдей қ.) келген профессор Нұрбосын Жанпейісов Жаратылыстану және география институтының студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, химия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына қазіргі заманғы кванттық химиялық есептеулер, теориялық және қолданбалы химия, экология және ағынды суларды модификацияланған бейорганикалық сорбенттермен тазарту, сондай-ақ органикалық және бейорганикалық қосылыстарды физ-химиялық әдістермен зерттеу, нанохимия және нанотехнология бойынша дәрістер оқиды. Дәрістер бір ай бойы - 2024 жылдың 22 сәуірі мен 22 мамыры аралығында өтеді.
|