Main /
Mass media about us
19.02.2019 Алматыда ІІІ республикалық студент-ақындар айтысы өтіп жатыр
Айтысқа еліміздің әр түкпірінен 60-қа жуық жас ақын келген. Айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерманның айтуынша, мұндай айтыстар жастардың шеберлігін шыңдай түсу үшін өте қажет.
«Бұл осымен үшінші рет атқарылып отырған шара. Былтыр оған 54 ақын қатысса, биыл жоғары оқу орындары 60-қа жуық өздерінің айтыскер ақындарын жіберіпті. Бұл айтыс жасарып келе жатыр дегеннің бір көрсеткіші іспетті. Мұның барлығы биылғы Жастар жылында жастарды қанаттандыру, ынталандыру жолындағы үлкен бір шара. Айтыс ақынына орта керек, өз қатарластарымен айтысып, шеберлігін шыңдап тәжірибе жинауы керек», - дейді ол.
Айта кетсек, бүгін осы білім ордасында ақын Оразалы Досбосынов атындағы жас айтыскер ақындардың орталығы ашылған болатын.
Авторы: Әділет Мұсахаев 19.02.2019 ж. Ақпарат көзі: baq.kz
|