Main /
Announcements
02.05.2024 «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ факультет деканының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!!!
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы факультет деканының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Математика, физика және информатика» факультетінің деканы лауазымына; 2. «Өнер» факультетінің деканы лауазымына; 3. «Дене шынықтыру және әскери дайындық» факультетінің деканы лауазымына.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы және білім саласы бойынша нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады: 1) белгіленген нысанда өтініш (Қосымша 1); 2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі; 3) конкурсқа қатысушының 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті фотосуретімен қызметтік тізімі (Қосымша 2); 4) білімі, ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары. 5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадрлық қызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі; 6) Бас ғалым хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 5 жыл ішінде); 7) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 3 жыл ішінде). 8) № 075 нысан бойынша Медициналық анықтама/ немесе санитарлық кітапшасының көшірмесі; 9) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны немесе жасамағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (сотталмағандығы туралы анықтама); 10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (басшы лауазымдар үшін); 11) қосымша құжаттар: соңғы жұмыс орнынан мінездеме және/немесе ұсыныс хат, сондай-ақ үміткер біліміне, кәсіби деңгейіне және т. б. қатысты қосымша ақпараттарды беруге құқылы. 12) келесі тақырыптарды қамтитын (электронды түрде, көлемі 5-6 слайдтан артық емес) презентация (презентацияға қажетті уақыттың орташа есебі 7-10 минуттан аспауы тиіс): 1) «Алдағы 3 жылдағы факультетті дамыту бағдарламасы»; 2) «Академиялық қызметтегі инновациялар»; 3) «Ғылыми қызметті дамыту»; 4) «Білім беру бағдарламаларын жаңғырту және жобалау»
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде сканерленген нұсқада hr.konkurs@abaiuniversity.edu.kz электрондық поштаға ұсыну қажет және Алматы қ., Достық даңғылы, 13 (№102 кабинет, 1 қабат) мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қолма-қол қабылданады.
Анықтама телефоны: 8(727) 291-34-35 |