қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
06.08.2024

«Қазақстан халқына» білім беру гранттары бойынша ақпарат!

 

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2024-2025 оқу жылына 850 білім грантын бөлді.


Білім гранты қамтиды:
Тегін оқу - жыл сайын 1 млн теңгеге дейін,
Стипендия - 40 000 теңге.

Алдымен бұл бағдарлама бойынша кімдер конкурсқа қатыса алатынын айта кетейік.


Ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және жоо-ға түсу үшін шекті балдарды жинаған түлектер:


Ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар;
Жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Мүгедектігі бар азаматтар;
Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан балалар;
2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар.


Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.

Өтініш беру мерзімі: 17 тамызға дейін.

Құжаттарды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыру керек.


МАҢЫЗДЫ: Грант иегері оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеуге міндетті емес.
Толық ақпарат @qazaqstanhalqyna.kz қорының сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған.