Main /
Announcements
19.08.2024 Абай университеті бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы келесі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Өнер факультеті бойынша: - деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына;
2. Дене шынықтыру және әскери дайындық факультеті бойынша: - деканның оқу ісі - ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына; - деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына;
3. Педагогика және психология факультеті бойынша: - деканның ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына;
4. Тарих және құқықтану факультеті бойынша: - деканның ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына;
5. Математика, физика және информатика факультеті бойынша:
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Факультет деканының оқу ісі - ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы), білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы және білім саласы бойынша нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс.
Факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі немесе магистр академиялық дәрежесі, білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда немесе тәрбие жұмысы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы және білім саласы бойынша нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс.
Факультет деканының ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына:
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады: 1) белгіленген нысанда өтініш (Қосымша 1); 2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі; 3) конкурсқа қатысушының 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті фотосуретімен қызметтік тізімі (Қосымша 2); 4) білімі, ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары. 5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадрлық қызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі; 6) Бас ғалым хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 3 жыл ішінде); 7) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 3 жыл ішінде). 8) № 075 нысан бойынша Медициналық анықтама/ немесе санитарлық кітапшасының көшірмесі; 9) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны немесе жасамағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (сотталмағандығы туралы анықтама); 10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (басшы лауазымдар үшін); 11) қосымша құжаттар: соңғы жұмыс орнынан мінездеме және/немесе ұсыныс хат, сондай-ақ үміткер біліміне, кәсіби деңгейіне және т. б. қатысты қосымша ақпараттарды беруге құқылы. 12) Алдағы 3 жылдағы факультеттің даму бағдарламасының жобасы бойынша презентация (презентация электронды нұсқада ұсынылады, көлемі 5-6 слайдтан аспауы тиіс), (факультет деканы орынбасарлары үшін).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 2024 жылғы тамыздың 31-не дейін жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде сканерленген нұсқада hr.konkurs@abaiuniversity.edu.kz электрондық поштаға ұсыну қажет және Алматы қ., Достық даңғылы, 13 (№102 кабинет, 1 қабат) мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қолма-қол қабылданады.
Анықтама телефоны: 8(727) 291-34-35. |