қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
11.09.2024

«Жасасын Ұстаз!» Tik Tok челленджі

 

Талаптары:

 

1. Ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейнеролик түсіріңіз.

2. Бейнеролик «ЖасасынҰстаз!» сөздерімен басталуы керек.

3. Роликте бейнехабарлама, фотоматериалдар, суреттер, өлеңдер т.б.   қолдануға болады.

4. Роликтің сюжеті  Сіздің ұстаздық мамандыққа деген құрметіңізді көрсетуі, 21 ғасыр мұғалімі -  мәртебелі мамандықтың шынайы мәнін ашуы керек.

5. Бейне әлеуметтік желідегі парақшаңызда (TikTok немесе Instagram, YouTube) жүктелуі керек.

6. Бейнероликті әлеуметтік желіге  жүктеу кезінде:
- қатысушылардың, топтың, педагог- жетекшінің аты-жөнін көрсету қажет;

- @abai_university, @pedagogic2023 аккаунттарын белгілеңіз.

7. Келесі хэштег көрсетілуі қажет:

#ПедагогикаКафедрасы#АбайУниверситет#Жасасын Ұстаз.

 Ролик жүктелген аккаунт   ашық болуы керек.

8. Орналастырғаннан кейін педагогика кафедрасының  телеграмм каналына челлендждің TikTok қатысушысының өтінімін, бейнероликтің өзін және оның сілтемесін (әлеуметтік желіге) жіберіңіз.
9. Бейнероликтерді орналастыру мерзімі 2024 жылғы 11 қыркүйектен 03 қазанға дейін.
10. Байқаудың қорытындысы 2024 жылдың 7 қазанында онлайн (офлайн) форматта шығарылады.
11. Үздік бейнероликтер Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика кафедрасының Instagram және Facebook желілерінде орналастырылады.
12. «ЖасасынҰстаз!» TikTok челленджіне қатысушылар. сертификаттар, жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.


Барлық қызығушылық танытқандарды күтеміз!

 
Педагогика және психология факультеті