қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
08.10.2024

«Абай университетінің жас кәсіпкері» startup-жобалар конкурсы жарияланды


Абай атындағы ҚазҰПУ «Абай университетінің жас кәсіпкері» startup-жобалар конкурсын өткізу туралы хабарлайды. Конкурстың мақсаты - университеттің жас зерттеушілерінің кәсіпкерлік белсенділігін дамыту және университет білім алушыларын бизнес жобаларды әзірлеуге және оны іске асыруға қатысуға ынталандыру болып табылады.

 

Өтінім беруші университеттің білім алушысы, яғни 1-3 курс студенті, 1 курс магистранты, 1-2 курс докторанттары және 40 (қырық) жасқа дейінгі (қоса алғанда) қазіргі постдокторанттар болуы және конкурстық құжаттамада ұсынылған ең төменгі талаптарға сай болуы тиіс.

 

I орын (1 жоба) - 1 000 000 теңге

ІІ орын (2 жоба) - 500 000 теңге

III орын (3 жоба) - 300 000 теңге

 

Өтінімді қабылдау кезеңі: 2024 жылдың 8-22 қазан аралығы (22.10.2024 уақыты 23:59 дейін).

Өтінімдер электрондық форматта көрсетілген сілтемеге: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfskTDfB5QS_KAwQI_msLcq0Gtq3HSDKd9pv2Zjr-Qmj7klKg/viewform?usp=pp_url және t.kerimbekov@abaiuniversity.edu.kz электрондық поштаға жіберілуі тиіс.

 

Қосымша сұрақтар бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаментінің Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесіне хабарласуға болады.

 

Мекенжайы: Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 30, каб. № 209.

Жауапты тұлға - ҒҒТҚН коммерцияландыру кеңсесінің жетекшісі Тоқтар Керімбеков.

Элек.пошта: t.kerimbekov@abaiuniversity.edu.k

Тел: 8-775-7744504

 

Конкурстық құжаттама қоса беріледі