қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
16.10.2024

«Инклюзивті бағдарланған арнайы педагогтарды даярлау: бағыттары, шешу жолдары» дөңгелек үстелі

 

2024 жылғы 18 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ базасында «Инклюзивті бағдарланған арнайы педагогтарды даярлау: бағыттары, шешу жолдары» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел педагог кадрлармен инклюзивті білім беру ортасын қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналады.

 

Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің BR 18574162 «Инклюзивті бағдарланған арнайы педагогтарды даярлау» тақырыбы бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасының командасы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды педагог кадрлармен толықтыру бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынады.

 

Дөңгелек үстел жұмысының шеңберінде арнайы педагогтарды даярлау және қайта даярлау, қосымша оқыту, үкіметтік емес ұйымдарды инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі жұмысқа белсенді тарту мәселелері талқыланатын болады.

 

Өтетін орны: Достық 13, бас оқу ғимараты, 320 кабинет.
Өткізу уақыты: 2024 жылғы 18 қазан, сағат: 15:00.