қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
01.11.2024

Бос жұмыс орны: Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы

 

Бос лауазымның атауы:

Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

бюджет және Қоғамның құрылымдық бөлімшелері ұсынған ақпарат негізінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, оны мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырады;

тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша бұйрықтардың, хаттамалардың, шарттардың және өзге де құжаттардың жобаларын дайындайды және келіседі;

сатып алуды ұйымдастыруға байланысты құжаттарға құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде Басқарманың құзыреті шегінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттаманың (техникалық ерекшеліктен басқа) ережелерін түсіндіру туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрауларына жауаптар жобаларын дайындайды;

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында, сондай-ақ Қоғамның интернет-ресурсында орналастыру үшін қажетті хабарландыруларды, конкурстық құжаттама (техникалық ерекшеліктен басқа) бойынша түсіндірмелерді және өзге де ақпаратты дайындайды;

заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп танылған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу үшін уәкілетті органға ақпарат жібереді;

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында заңнамада көзделген хабарландыруларды, хаттамаларды, есептерді, өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы өзге де мәліметтерді орналастырады;

конкурстық өтінімдердің енгізілуіне және қайтарылуына және мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссияларға қатысады.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

еңбек шартында, қоғамның ішкі актілерінде және осы лауазымдық нұсқаулықта жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындау;

атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Басқарма бастығының тапсырмаларын (алған міндеттерін) уақтылы және адал орындау;

өнім берушілерді Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы мәселелер бойынша сот талқылауларына қатысу;

міндеттерді тиімді орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру;

бюджет және Қоғамның құрылымдық бөлімшелері ұсынған ақпарат негізінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге тікелей қатысу, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оны мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастыру;

тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша бұйрықтардың, хаттамалардың, шарттардың және өзге де құжаттардың жобаларын дайындау және келісу;

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында заңнамада көзделген өткізілетін Мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруларды, хаттамаларды, есептерді, өзге де мәліметтерді орналастыруға;

Электрондық конкурстық құжаттаманы, хаттамаларды, шешімдерді әзірлеу, дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ Электрондық конкурстық құжаттаманы әзірлеу және Мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығару үшін сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық ерекшеліктері мен сипаттамаларын қоғам мамандарымен келісу;

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін басқару және жүзеге асыру бойынша құжаттаманы және құжат айналымын жүргізеді;

құзыреті шеңберінде Қоғам қызметкерлеріне кеңес беру;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдау;

жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;

жұмыс берушіге адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін туындаған жағдай туралы, сондай-ақ бос тұрып қалудың туындауы туралы хабарлау;

жұмыс беруші ұсынатын жеке және ұжымдық қорғау құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану;

Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне белгілі болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;

еңбек тәртібін, сондай-ақ жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі нормалардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын сақтау;

атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Іссапарларға шығу:

Міндетті емес

Білімі:

экономикалық немесе заңгерлік жоғары білім

Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар

Кәсіби құзыреттер:

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы білу, Мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істей білу.

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

Коммуникабельділік, жауапкершілік, ұқыптылық, орындаушылық, еңбексүйгіштік, ұжымда жұмыс істеу қабілеті.

Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақша, орысша

Компьютерлік дағдылар:

* MS Windows, MS Office/XP 2000, 2003,2007/ (MS Word, MS Excel, MS Outlook), Internet, PageMaker,

* офистік техникамен жұмыс істеу дағдылары, ерекше бағдарламаларды меңгеру қабілеті

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

 

Байланысушы тұлға:

hrteam@abaiuniversity.edu.kz.

Баялиев Амирхан

ж.т. 8 (727) 291-88-96