Main /
Announcements
01.11.2024 Бос жұмыс орны: Education management school (EMS) бас маманы
Бос лауазымның атауы: Education management school (EMS) бас маманы Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері: - біліктілікті арттыру курстарында оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау; - педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасы (PGCE) бойынша білім алушыларды қабылдауды, оқытуды, оқу жетістіктерін бақылауды және сертификаттауды жүзеге асыру; - педагогикалық қайта даярлау бағдарламасы бойынша білім алушыларды сертификаттау және оқу процесін ұйымдастыру үшін факультеттердің ПОҚ тартуды қамтамасыз ету; - университеттің білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша ЖАОК үйлестіру және сүйемелдеу; - тыңдаушылармен сабақтар өткізу, жасалған шарттарға сәйкес ҚазҰПУ бейінді кафедраларымен және басқа ЖОО кафедраларымен өзара іс-қимыл жасау; - педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарының оқу процесін әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, құжаттаманы, тыңдаушыларды қабылдау және курстарды аяқтау туралы бұйрықтарды, сертификаттар беру ведомостарын, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелері бойынша EMS хат алмасуды жүргізу; - біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру жүйесінің порталын құру және сүйемелдеу, біліктілікті арттыру курстарын, тренингтерді, семинарларды өткізу; - қашықтықтан білім беру порталын сүйемелдеу, оны пәндердің электрондық оқу-әдістемелік кешендерімен толтыру және ақпараттық сүйемелдеу. Негізгі лауазымдық міндеттері: - Univer, MOODLE ақпараттық жүйелерін меңгеру; - перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын, біліктілікті арттырудың оқу жоспарларын әзірлеуге және оларды іске асыру жолдары мен әдістерін айқындауға қатысу; - оқу сабақтарының кестесін жасауға және орындауға қатысу; - оқу бөлімшелері қызметкерлерінің қызметін үйлестіру; - EMS қызметі туралы есептерді үйлестіру; - оқу сабақтарының кестесі мен жоспарын орындау бойынша ПОҚ жұмысын үйлестіру; - бекітілген жоспарларды жүзеге асыру, жұмыс тиімділігін арттыру, EMS еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша кәсіби қызмет мәселелерін шешуге қатысу; - еңбекті ұйымдастыру бойынша белгіленген талаптар мен нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру; - EMS бойынша белгіленген есептілікті жүргізу; - бекітілген істер номенклатурасына сәйкес іс қағаздарын жүргізу; - EMS-те бар мүліктің сақталуын бақылау; - Абай атындағы ҚазҰПУ қоғамдық қызметіне қатысу; - коммерциялық құпия туралы құпия ақпаратты сақтау; - ішкі тәртіп ережелерін сақтау; - жұмыс орнында өрт қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау; - еңбек шартының талаптарын сақтау. Іссапарларға шығу: Қажеттілік бар (Сирек) Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (әлеуметтік-гуманитарлық, техникалық) білім. Білім беру ұйымдарында тәуекелдерді басқару бойынша біліктілікті арттыру курстарынан (семинарларынан) өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы артықшылық болып табылады. Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары) Мемлекеттік органдарда немесе білім және ғылым ұйымдарында немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі және ғылым, коммерцияландыру және т. б. саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді білу. Кәсіби құзыреттер: - Мемлекеттік және орыс тілдерінде жоспарлар құру және есептер дайындау; - Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу мақсатында тендер жариялау үшін тауарлар мен қызметтердің техникалық сипаттамасын жасау; - Жоспарды орындаудың сараптамалық-талдамалық мониторингін білу; - EMS қызметіне қатысты іскерлік келіссөздер жүргізу дағдылары болу. Тұлғалық құзыреттіліктер мен қасиеттер: Коммуникабельділік, жауапкершілік, адалдық, мақсаттылық, ұқыптылық, командада және белгісіздік жағдайында жұмыс істей білу, икемділік, бейімделгіштік, тайм-менеджмент, басқарушылық дағдылар, презентациялық дағдылар, дамыған эмоционалдық интеллект, стресске төзімділік, бөлшектерге назар аудару. Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу (үміткер меңгеруі тиіс тілдердің тізімі) Қазақша - еркін Орысша - еркін Компьютерлік дағдылар: MS Office (Word, Outlook), Excel, Google Drive/Docs/Meet, ZOOM, PowerPoint, Саnva пакетін еркін меңгеру, реестр және тәуекел карталарымен, электрондық құжат айналымымен жұмыс. Түйіндемені тапсыру мерзімі: 2024 ж. 5 тамызына дейін Байланысатын тұлға: Узакбаева Назгуль Жаурынгеровна +7 778 583 26 88 |