қазақша · русский · english
   
  Main  News
15.03.2019

Венгрия мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға арналған көрме

 

Көптеген жылдар бойы Мемлекеттік Орталық мұражай Алматыдағы Венгрия Бас консулдығымен ынтымақтастықты белсенді түрде орнатып келеді. Тарих және құқық институтының профессор-оқытушылары мен магистранттары 2019 жылдың 14 наурызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайы мен Алматыдағы Мажарстан Бас Консулдығының бірлесе отырып өткізген «Бұғылар жолы» тақырыбындағы фотокөрмесін тамашалауға барып қайтты.

 

Көрме аңшылық және табиғатты қорғаумен кәсіби түрде айналысатын Одон Блауманның фото шығармашылығына арналған.Көрме экспозициясындағы Одон Блауманның 65 туындысы Венгрияның әсем табиғаты, жануарлар әлемімен таныстырды; жабайы аңдардың өмір сүру ортасындағы түрлі сәттерін бейнелейтін түсірілімдерді тамашалады және осы іс-шараға арналған арнайы түсірілген қысқа метражды фильм көрсетілді. Мажарстанның тарихы, мәдениеті туралы сыр шерткен: «Мажарстан ғылымының - мерекесі», «Мажарстан шығыстанушылары» сынды экспозициялармен танысу арқылы көрме қонақтары көп әсер алды.

 

2000 жылы Одоном Блауман жабайы аңдар туралы фильмдер түсіре бастады. Қазіргі таңда суретші DVD форматта 55 фильм түсіріп, көрермендерге тарту етті. Фильмдер: Австрия, Германия, Нидерланды, Италия, Белгия елдерінде көрсетіліп, зор қошеметке ие болды. Венргияда оның фильмдері «Аңшылық - балық аулау» телеарнасында жиі көрсетіледі. О. Блауман аңшылық мектептері үшін бірқатар арнайы оқу фильмдерін және аңшылық кәсібімен айналасушы компаниялардың жарнамаларын түсірді. Одон Блауманның жеке көрмелері Венгрияның ірі қалалары - Будапешт, Секешфехервар, Папе, Печье, Зирценде сондай-ақ, шетелдер Германия (Дортмунд қ.), Австрияда (Зальцбург қ.) өтті. Оның жұмыстары аңшылар журналдарының мұқабасы, аңшы ақпараттық бюллетені (PIRSCH, WILD und Hund) беттерінде, түрлі күнтізбе, газет, кітаптар басылымын безендіруде пайдаланылды. «Бұғылар жолы» көрмесі бұдан 10-15 миллион жыл бұрын Орталық Азиядан тараған ашатұяқты бұғы тәріздес жануарлар дүниесіне арналды. Бұл жануарлардың Венгрия табиғатына бейімделуі, қоршаған ортаны жерсінуі аңшылық кәсіптің өрістеуіне ықпал етті. Мажарстанда бұғы, еліктердің Еуропа аймағындағы ең үлкен тобы сақталған.

 

Technodom Operator АҚ қолдауымен ұйымдастырылған көрме Венгрия мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты нығайтуға ықпал етеді.

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Тарих және құқық институты