қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
01.11.2024

Бос жұмыс орны: Әлеуметтік жұмыс жөніндегі Бас маман

 

Бос лауазымның атауы:

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі Бас маман

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

 

Бас маман өз қызметінде басшылыққа алады: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Ғылым және білім саласының нормативтік-құқықтық актілерін; «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ жарғысын; Құрылымдық бөлімше туралы ережесін; Ішкі тәртіп Ережелерін; Университет басшылығының бұйрықтарын, өкімдерін, нұсқауларын; Нормативтік-әдістемелік материалдарын; Лауазымдық нұсқаулықты. Ішкі тәртіпті сақтауға және жатақханаларда кезекшілікті орындау. Студенттерді әлеуметтендіру бойынша бұйрықтар мен өкімдердің жобаларын дайындау.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

 

Бөлімнің бірлесіп Қоғамның әлеуметтік жұмыс және жастар саясатының жылдық жоспарын әзірлейді. Жылдық, маусымдық іс-шараларды ұйымдастыру сапасына жауап береді. Студенттерді жатақханаға орналастыру бойынша жұмыстарды жүргізеді. Студенттерді әлеуметтендіру бойынша бұйрықтар мен өкімдердің жобаларын дайындайды. Құрылымдық бөлімдер және факультет декандарын өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар етіп, студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы медициналық тексеруден уақтылы өтуіне жауап береді. Жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарының, өкімдерінің, нұсқаулықтары мен нұсқауларының, кеңестердің және ректораттың бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және өткізу мәселелері жөніндегі шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Қоғамның әлеуметтік қызметіне мониторинг ұйымдастыру. Қоғамдағы әлеуметтік-тәрбие процесін ұйымдастыруда прогрессивті әдістерді әзірлеуге және енгізуге қатысу. Қоғамның әлеуметтік жұмысының жай-күйін талдау.  Ішкі тәртіп ережелерін сақтау. Құжаттарды дайындаудың белгіленген мерзімдерін сақтау. Ұжымда қарым-қатынастың этикалық нормалары мен қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтау

Іссапарларға шығу:

Қажетіне қарай ішінара іссапар

Білім:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болу

Кәсіби құзыреттер:

 

Есептер, анықтамалар, іскерлік хаттар, бұйрықтардың, өкімдік құжаттардың жобаларын жасау, хаттамалар жүргізу және т. б.

Тұлғалық құзыреттер мен сапалар:

Ұйымдастырушылық, жауапкершілік, орындаушылық, еңбекқорлық, ұқыптылық, ұжымда жұмыс істеу қабілеті болу

Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білу (кандидат меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ, орыс тілдерін меңгеру

 

Компьютерлік дағдылар:

Windows, Excel, Word және т.б. жұмыс істеу

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

2024 жылдың 1 қарашасы

17:00 дейін

Байланыс тұлғасы:

Кадр саясаты басқармасы

+7 (727) 291-82-57