Main /
Announcements
04.11.2024 Профессор-зерттеуші бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті оқытушылық және ғылыми қызметті жүргізу үшін толық штаттық бірлікке профессор-зерттеуші бос лауазымына конкурс өтетіндігін хабарлайды.
Профессор-зерттеуші қызметіне үміткер профессор-зерттеуші қызметі туралы ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім төмендегілерді қамтиды: - конкурсқа қатысу туралы өтініш; - жеке куәліктің көшірмесі; - түйіндеме / CV; - ғылыми дәреже алғанын, ғылыми атақ берілгенін растайтын құжаттар; - үміткердің ғылыми зерттеу жоспары (Research Proposal) (педагогикалық және пәнаралық бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу қызметіне басымдық беріледі); - соңғы 5 (бес) жылдағы ғылыми еңбектер тізімі; - ҚР ҒжЖБМ ғылыми жобаларына жетекшілік етуі және қатысуы, халықаралық ғылыми жобаларға жетекші және орындаушы болғанын растайтын құжаттар (ҰМҒТСО жүйесінен скриншот, халықаралық ұйыммен келісімшарт); - үміткерлерге жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттары бар портфолио (жарияланымдардың көшірмесі, WоS және Scopus базаларындағы жарияланымдардың дәйексөзділік сілтемесі, еңбек кітапшасының көшірмесі) ; - алдыңғы жұмыс орындарынан ұсыныс хат немесе мінездеме; - соңғы 5 (бес) жылдағы ғылым және білім саласындағы жетістіктері («Болашақ» стипендиясының иегері, «Үздік ғылыми қызметкер» атағының иегері, ҚР «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы» атағының иегері, ғылыми жетекшілік тәжірибесі, өнертабыстығы үшін алынған патенттер мен сертификаттары және т.б.).
Конкурстық өтінімдер 2024 жылдың 18 қарашасына дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым департаментіне тапсырылады. Мекенжайы: Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 30, каб. № 209, 203а.
Жауапты тұлға: Ғылым департаментінің директоры У.М.Абдигапбарова.
Профессор-зерттеуші қызметі туралы ереже
|