Факультет деканы орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурс
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы факультет деканы орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Білім беру мектебі» институты бойынша:
- институт директоры;
2. «Филология» факультеті бойынша:
- деканның ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына;
3. Педагогика және психология факультеті бойынша:
- деканның ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына;
4. «Тарих және құқық» факультеті бойынша:
- деканның ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына;
5.Филология факультеті бойынша:
- деканның әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Институт директоры лауазымына:
Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы), білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы және білім саласы бойынша нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс.
Факультет деканының - ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына:
Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы), білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы және білім саласы бойынша нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс.
Факультет деканының әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына:
Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі немесе магистр академиялық дәрежесі, білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда немесе тәрбие жұмысы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы және білім саласы бойынша нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1) белгіленген нысанда өтініш (Қосымша 1);
2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті фотосуретімен қызметтік тізімі (Қосымша 2);
4) білімі, ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары.
5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадрлық қызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Бас ғалым хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 3 жыл ішінде);
7) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 3 жыл ішінде).
8) № 075 нысан бойынша Медициналық анықтама/ немесе санитарлық кітапшасының көшірмесі;
9) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны немесе жасамағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (сотталмағандығы туралы анықтама);
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) қосымша құжаттар: соңғы жұмыс орнынан мінездеме және/немесе ұсыныс хат, сондай-ақ үміткер біліміне, кәсіби деңгейіне және т. б. қатысты қосымша ақпараттарды беруге құқылы.
12) Алдағы 3 жылдағы факультеттің даму бағдарламасының жобасы бойынша презентация (презентация электронды нұсқада ұсынылады, көлемі 5-6 слайдтан аспауы тиіс);
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 2024 жылғы қарашаның 18-не дейін жүргізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде сканерленген нұсқада hr.konkurs@abaiuniversity.edu.kz электрондық поштаға ұсыну қажет және Алматы қ., Достық даңғылы, 13 (№102 кабинет, 1 қабат) мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін қолма-қол қабылданады.
Анықтама телефоны: 8(727) 291-34-35