қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
05.09.2016

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АРХИВІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2016 жылдың 30 қыркүйегінде қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» қозғалысының көшбасшысы, «Алашорда» автономиялық үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановтың 150-жылдығына арналған «Еуразияның түркі және мұсылман халықтарының саяси көшбасшылары: тұлғалар, идеялар, тағдырлар. ХХ ғасырдың басы» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Біз пәнаралық ұстанымдарды құптаймыз және осы конференцияның тақырыбы қызықтыратын әлеуметтік-гуманитарлық ғылым өкілдерін шақырамыз. Конференцияда келесі мәселелер талқылауға ұсынылады:

1. Саяси көшбасшылардың биографиясын зерттеудің теориялық және методологиялық негіздері.
2. Саяси көшбасшылардың тарихи тұлғасын сомдаудың деректік негізі, ерекшеліктері, оларды ғылыми айналымға тарту және түсіндірудің жолдары.
3. Саяси көшбасшылардың тарихнамасы: жетістіктер, ақтаңдақтар және мәселелері.
4. Әлихан Бөкейханов және ұлттық идея.
5. Әлихан Бөкейханов және ұлт тарихының бүгінгі мәселелері.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс

Конференция жұмысының басталуы - сағ.10:00, қатысушыларды тіркеу - сағ. 09:30

Өтетін орны: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі - 25 (Уәлиханов көшесінің қиылысы), Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты (№ 10 оқу ғимараты), Конференц-зал
(2 қабат)

Конференция жұмысына қатысу үшін өтініштеріңізді 2016 жылдың 15 қыркүйегіне дейін мына мекен-жайға жіберулеріңізді өтінеміз:
050010 Алматы қ., Жамбыл көшесі - 25, № 13 бөлме, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
Тарих және құқық институты Қазақстан тарихы кафедрасы, е-mail.: Shamek_09@mail.ru; alatau1968@mail.ru; ablai_angel@mail.ru

Байланыс телефондары мен факс:

Тел.: +7(727) 291-46-72; +7707-208-92-43; +7707-315-88-91; +7701-305-66-72
Факс.: +7 (727) 291-40-71

Конференция жұмысына қатысушылардың іс-сапары шығындары жіберуші ұйым тарапынан.

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемі 8 бетке дейін, MS WORD редакторында *doc, *rtf нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.
Мәтін шрифті: «Times New Roman», кегль 14.
Шектері: жоғары және төменгі жағы - 2, сол жағы - 3, оң жағы - 1 см, аралық интервал - 1.
Интервал арқылы ортада қою қара жазба әріптермен - мақала атауы, оң жақта аытордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы мен жұмыс орны, жақша ішінде - қала. Мақаладағы сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы: [1, 24-б.]). Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңына беріледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.
Кестелерді теруге MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңына беріледі (нөмірлеу нүктесіз).
Конференцияда қарастырылатын мәселелерге қатысты ғана мақалалар қабылданады, мақалаларды іріктеуді ұйымдастырушылар өз құзіретіне қалдырады


«Еуразияның түркі және мұсылман халықтарының саяси көшбасшылары: тұлғалар, идеялар, тағдырлар. ХХ ғасырдың басы» атты конференция жұмысына

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Аты-жөні (толық) __________________________________________________
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ____________________________________
Лауызымы: ________________________________________________________
Ұйымның толық атауы: _____________________________________________
Байланыс телефондары, факс.: _____________________________________________
Е-mail.: ____________________________________________________________
Мақаланың тақырыбы, қысқаша аннотациясы: ___________________________________
Дөңгелек үстел жұмысына қатысу түрі (қажеттінің астын сызыңыз): өзі қатысу (баяндама жасау), сырттай (мақала жариялау).

 

МАҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ

Әлихан Бөкейхановтың әлеуметтік-саяси көзқарастары

Азаматов А.Т.
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
(Алматы қ.,)


Мәтін, мәтін, мәтін, [1, 24-б.]. мәтін, мәтін .... [2, 35-б.].


Пайдаланылған әдебиеттер:
_________________

1. Назарбаев Н.Ә. Қалың елім, қазағым. - Алматы: «Өнер» баспасы, 1998. - 306 б.
2. Абай Құнанбайұлы. Қолына алып, пәле салып, аңдығаны өз елі (электронды ресурс) //
http://www.abai.kz/post/view?id=24 сайты (сайтқа жарияланған күні 14.03.2014.)
3. Қойгелдиев М. Сұраншы мен Саурық. //Жас Алаш. - 2013, 29 қазан.