Main /
Announcements
22.11.2024 Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинар өтеді 2024 жылдың 2 желтоқсанында сағат 15:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «8D017-Тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау» бағыты бойынша Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинарда «6D011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Талдыбаева Маржан Дархановнаның философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Жоғары оқу орындарында қазақ орфографиясын модельдік жүйе негізінде оқыту әдістемесі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.
Ғылыми семинар оффлайн және онлайн форматта өтеді.
Диссертация Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған.
Семинар тілі - қазақша.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР: Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қаласы, Қазақстан); Кенан Коч - филология ғылымдарының докторы, доцент. Муғла Сыткы Кочман университеті (Муғла қаласы, Түркия).
ZOOM: https://zoom.us/j/99249160334?pwd=9vqNaOvar3fvBRXeqJOi6jBSC2PaNW.1 Идентификатор: 992 4916 0334 Код: 1234
Мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Бас оқу ғимараты (4-қабат, 412-кабинет).
|