қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
27.11.2024

Бос жұмыс орны: Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры

 

Бос лауазымның атауы:

Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

 

Білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға және тұлғаның үйлесімді дамуына жәрдемдесу, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру.

 

Қоғам студенттерінің өздеріндегі жеке қабілеттері мен зияткерлік әлеуетін іске асыруы үшін жағдай жасау.

 

Әр адамның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

 

Студенттердің бейімделу мәселесінде әлеуметтік-психологиялық үрдістерді ұйымдастыру.

 

Студенттердің эмоционалдық-психологиялық қиындықтары мен мәселелерін алдын алу және шешу үшін психодиагностика, психокоррекциялық жұмыстарды жүзеге асыру.

 

Студенттерге оқу қиындықтары мен әлеуметтік-эмоционалдық проблемаларды жеңуде психологиялық қолдау көрсету.

 

Мәдени-бұқаралық жұмысты жақсарту, патриоттық тәрбие, құқық бұзушылықтардың және экстремизмнің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, толеранттылық пен ұлтаралық келісімге тәрбиелеу бойынша түрлі іс-шаралар өткізу.

 

Қоғамның институттары мен бөлімшелері ұйымдастыратын әлеуметтік-тәрбие жұмысына талдау жүргізу. 

 

Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың озық әдістері мен нысандарын практикаға енгізу.

 

Қоғамдағы студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту. Студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуін ұйымдастыру.

 

Әлеуметтік осал студенттердің базасын қалыптастыру және осы бағыт бойынша жұмысты үйлестіру.

 

Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын дамыту және насихаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

 

Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар дайындау және жариялау.

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған әдістемелік аясында қызмет атқару, әлеуметтік мәселелер бойынша жол карталарын даярлау, тәрбие бағытында атқарылатын шараларды Қоғам басшылығының келісімен ұйымдастыру.

 

Департамент мәселелері бойынша Қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара ынтымақтастық жасау.

 

Бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, келісім-шарттар жоспарларын бекіту.

 

Білім алушыларды жатақханаларымен ҚР ҒЖБМ және Қоғамның ресми бұйрықтары аясында қамтамасыз ету.

 

Әлеуметтік осал топтан шыққан студенттер мен талапкерлердің оқу ақысына жеңілдіктерді қарастыру

Негізгі лауазымдық міндеттері:

 

Еңбек шартында, қоғамның ішкі актілерінде және лауазымдық нұсқаулықта жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындау.

 

Атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Әлеуметтік даму жөніндегі проректордың тапсырмаларын (алған міндеттерін), сондай-ақ Қоғам басшылығының тапсырмаларын уақтылы және адал орындау.

 

Міндеттерді тиімді орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру.

 

Департаменттің жұмысын жоспарлау және бақылау. Бөлімдердің құқықтық сипаттағы ішкі құжаттарын әзірлеу.

 

Департаменттің жұмысын уақтылы жоспарлау, жобалар тұжырымдамасын және т.б. дайындау.  

 

Әлеуметтік даму жөніндегі проректормен бірлесіп Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменттің жылдық жоспарын әзірлеу.

 

Факультеттердің құрылымдық бөлімдері және факультет декандарымен өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар ету, студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

 

Республикалық, қалалық және Қоғамдық жастар ұйымдарымен, бірлестіктермен ынтымақтастық орнату; Құжаттарды дайындаудың белгіленген мерзімдерін сақтау.

 

Ұжымда қарым-қатынастың этикалық нормаларын сақтау. Қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтау

Іссапарларға шығу:

 

Міндетті

Білім:

 

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

 

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуға тиіс

Кәсіби құзыреттер:

 

Есептер, анықтамалар, іскерлік хаттар, бұйрықтардың, өкімдік құжаттардың жобаларын жасау, хаттамалар жүргізуді және байланыс құралдарын, интернет мүмкіндіктерін пайдалануды білу.  Университет әкімшілігі, оқытушылар құрамы, студенттер, ата-аналар, сыртқы серіктестер және жарнама агенттіктерін қоса алғанда, әртүрлі мүдделі тараптармен тиімді қарым-қатынас жасай алу

Тұлғалық құзыреттер мен сапалар:

 

Жоғары ұйымдастырушылық, жауапкершілік, дәлдік, орындаушылық, еңбекқорлық, коммуникабельділік, мақсаттылық, ұқыптылық, ұжымда және өз бетінше жұмыс істеу қабілеті болу

Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білу (кандидат меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ, орыс тілдерін меңгеру

 

Компьютерлік дағдылар:

Windows, Excel, Word және т.б. жұмыс істеу

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

2024 жылдың 1 қарашасы

17:00 дейін

Байланыс тұлғасы:

Кадр саясаты басқармасы

+7 (727) 291-82-57