қазақша · русский · english
   
  Main  News
01.04.2019

«Жұмадағы жүздесу»

 

29 наурызда әр аптаның жұма күнінде өткізілетін «Жұмадағы жүздесу» жобасының қонағы Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинованың студенттермен еркін сұқбат алаңында кездесуі өтті.

 

Әдеттегідей студенттер ойында жүрген сұрақтарын қойып, Күләш Дүйсенбайқызы өзінің қызықты естеліктерімен бөлісті.

 

Күләш Каймулдинова қоғамдағы туындаған мәселелерді көтеріп, бұл мәселелердің шешілуі сауатты жастардың қолында екенін айтты. Кездесу барысында жүздесуге келген қатысушыларымызды жақсы идеялармен қанаттандырды.

 

Сұхбат соңында Күләш Каймулдинова студенттерге тұлғалық жетілуге көмектесетін әр түрлі кітаптарды оқуға кеңес берді.

 

   

 

   

 

«Мансап» орталығы