Main /
Announcements
27.12.2024 Магистратураға тапсырушылар назарына! 25 желтоқсан - 5 қаңтар аралығында магистратураға оқуға түскен талапкерлерден құжат қабылдау жүргізіледі (1-4 қаңтар аралығында демалыс).
Қабылдау комиссиясының мекенжайы: Қазыбек би, 30, 222 кабинет. Байланыс телефоны: 291 58 67. Call-орталығы: 221 85 14. Құжат қабылдау: 09:00-18:00
Магистратураға түсуші тұлғалардың тапсыратын құжаттар тізімі:
1) жоғары оқу орнының басшысының атына еркін түрде өтініш; 2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа) (нотариалды куәландырылған); 3) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет); 4) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет; 5) ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама; 6) Кешенді тестілеу сертификаты (КТ); 7) Мемлекеттік білім гранты туралы куәлік.
|