қазақша · русский · english
   
  Main  News
09.04.2019

«Еліміз - Қазақстан, астанамыз - Нұр-Сұлтан!»

студенттік велошеруі

 

Жастар жылы аясында 7 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Студенттік ректораттың бастамасымен «Еліміз - Қазақстан, астанамыз - Нұр-Сұлтан!» ұранымен студенттік велошеру өтті.

 

Акция барысында 50 жуық белсенді студент Баум тоғайына велошерумен барды. Іс-шара барысында флешмоб, көңілді-спорттық бағдарламаларын ұйымдастырып, экологиялық тазалық шараларын жүргізді.

 

Велошерудің негізгі мақсаты тәуелсіздік жылдарында туылған жас ұрпақтар арасында патриотизмді насихаттау, астана атауының Нұр-Сұлтанға ауысуын қолдау, сондай-ақ жастарды елдің тұрақты дамуына белсене қатысуға шақыру болды.

 

Видеоматериал

 

   

 

   

 

  

 

 

Студенттік ректорат