
Main /
Announcements
11.12.2025 С.Е. Каппасованың докторлық диссертациясы «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланады
2025 жылдың 24 желтоқсанында сағат 12.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «8D01501-Математика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Каппасова Сандугаш Елтаевнаның «Негізгі мектеп оқушыларының математиканы оқыту процесінде функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланады.
Кафедраның кеңейтілген мәжілісі офлайн және онлайн форматта өтеді. Диссертация Абай атындағы ҚазҰПУ орындалған. Қорғау тілі - қазақша.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕРІ: Әбілқасымова Алма Есімбекқызы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Абай атындағы ҚазҰПУ «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі. Седова Елена Александровна - педагогика ғылымдарының кандидаты, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті «Элементар математика және сандар теориясы» кафедрасының профессоры, Мәскеу қаласы, Ресей.
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР: Кожашева Гульнар Оналбаевна - педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының доценті, Алматы қаласы, Қазақстан (мамандық шифры: 13.00.02). Тлеулесова Айгерім Мекемтасқызы - PhD, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Математика кафедрасының ассистент-профессоры, Алматы қ., Қазақстан (мамандық шифры: 6D060100).
ZOOM https://zoom.us/j/99445802526?pwd=01hqEkjhO8cYBvuB4cKr3tw9WdNK6P.1 Конференция идентификаторы: 994 4580 2526 Код: 12345
Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, Оқу корпусы №5 (4-қабат, 415-кабинет).
|