қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.10.2015

Ғалым мерейтойына арналды.


2015 жылғы 10 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мариям Рамазанқызы Қондыбаеваның 80 жасқа толуына арналған «Үштілді білім берудің инновациялық технологиялары» тақырыбында Халықаралық дөңгелек үстел болып өтті.
Профессор М.Р.Қондыбаева - қазақ және шет тілдерімен байланыста орыс тілін оқытудың теориясы және технологиясы мамандығы бойынша ірі әдіскер-ғалым. 200-ден аса еңбектің авторы, филологиялық курстарды оқыту интегральдық технологиясының авторы және 20-дан аса мектеп оқулықтарын дайындауға арналған куәліктің авторы.
Профессор М.Р.Қондыбаева «Қазақстан Республикасы көптілді білім беру иновациялық технологиясы» лингводидактикалық ғылыми мектебінің жетекшісі. Ол филология және педагогика (лингводидактика) мамандығы бойынша 20-дан аса магистрант, педагогика ғылымдары бойынша 15 кандидат пен 6 доктор дайындап шығарды. Шәкірттерінің бәрі де бүгінде елімізге және шетелдерге белгілі жетекші әдістемеші-ғалымдар болып отыр.
Халықаралық дөңгелек үстел барысында «Инновационные технологии в трёхязычном образовании: труды научной школы профессора М.Р.Кондубаевой» монографиясының таныстырылымы болып өтті.
Дөңгелек үстелге Қазақстан жәна ТМД елдерінің белгілі ғалымдары қатысты.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ
Баспасөз орталығы